Егізіндей көктем құстың
Әнмен оны шақыралық.
Көз жасындай өткен Қыстың,
Жылап жылға жатыр ағып.
Ақ тер болып, көк тер болып,
Тау өзені ыршып тегі.
Көзін ашты көктем болып,
Көк теректің бүршіктері.
Көкірегімнің нұрлы бағы,
Көк иісіне ысталады.
Құлағымды тұндырады,
Қайта оралған құстар әні.
Нұр себіліп шаңырақтан,
Түседі еске өткен-кеткен.
Жан-дүниені жадыратқан,
Ғажайып ең көктем неткен!
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бауыржан Жақып