Қыс қызығы
О, алақай қыс келді,
Қыс келді қызық әкелді.
Балалар ойнап жүр енді,
Сырғанап көңілді боп жүреді.
Зымырап Жаңа жылда келеді,
Аяз ата сыйлықтарын береді.
Барлық бала қуанады,
Өлең, тақпақ жатқа айтады.
О, алақай қыс келді,
Қыс келді қызық әкелді.
Ахметсапар Нұрасыл Павлодар облысы, Май ауданы Малайсары ауылы, 4 сынып оқушысы
Анашым
Анам менің ардақты,
Алтыннан да салмақты.
Сол үшін де анашым
Бәрінен де ардақты.
Шырша
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Біздің сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынға.
Жаннұр 12 жас Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Қыс
Ақ көрпеге оранып,
Омбы-омбы қар жауып,
Жапалақтап қар жауып,
Балалар жүр мәз болып.
Қояндар зыр жүгіріп,
Шөп арасына тығылып,
Артынан қуып жүгіріп,
Балалар жүр мәз болып.
Мукатаев Бексұлтан Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы ЖОББМ 2-сынып оқушысы
Қоңыр күз
Жадыраған жайдарлы жаз тез өтіп,
Қара жерге жапырақтар төгілді.
Жылы өлкеге құстар көп ұшып кетіп,
Сағындырған суретші күз де енді.
Қызыл, сары, қоңыр түсті жапырақ,
Жел тұрғанда жерге түсер азырақ.
Күн суытып, жаңбыр жауып тұрса да,
Балалардың көңіл-күйі жақсырақ.
Дегенмен де, жазға жетпейді-ау, бірақ.
Жемістер мен көкөністер жетілді,
Диқандарым жинап жатыр егінді.
Жаз бойына өзен, көлге шомылған,
Балалардың ойы оқуға бөлінді.
Ульянич Галина Қарағанды облысы, №4 жалпы білім беретін мектеп-интернатының 6 «Б» сынып оқушысы
Астанам!
Жасай бер Астанам,
Әсем қалам – бас қалам.
Сен десе соғады жүрегім,
Көркіне тамсанып жүремін.
Ахметсапар Нұрасыл Павлодар облысы, Май ауданы Малайсары ауылы, 4 сынып оқушысы
Қыс
Қыс келді алақай,
Шығыңыздар балақай.
Қар атысып ойнайық,
Ойынға бір тоймайық.
Аппақ мата төселген,
Аппақ торттай кесілген.
Долданады домбығып,
Аязданып кесілген.
Аппақ керемет даламыз,
Ақ көрпесін жамылған.
Сыйлықтарын толықтап,
Келді аяз атамыз.
Жанель Көшербай
Әкетайым
Еркелеймін, күлімдеймін өзіңе,
Әрбір айтқан сенің жылы сөзіңе.
Саған ұқсап өсіп келем бүгінде
Сендей әке табылмас бұл әлемде.
Әкетайым мақтанышым бір өзің,
Маған қымбат айтылған әрбір сөзің.
Сенің берген тәрбиеңнің арқасында
Әлі талай биік шыңнан көрінемін.
Абдуғали Толғанай Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп 4-сынып оқушысы
Панасыз жануарларға кім жауапты?
Бірде мен көше кезген итті байқадым. Ит – жеті қазынаның бірі, адамның адал досы дейміз! Расымен де иттің адамзатқа пайдасы көп! Ал бүгін осындай жануарлардың көбі көше кезіп жүр. Сосын мені осындай жануарларға арналған қандай шаралар бар деген сұрақ ойландырды. Дамыған елдердің панасыз жануарлар бойынша тәжірибесі де мол екен. Оларда панасыз жануарлардың санын анықтау жүйесі мен жануарларды ұстау жүйелері бар. Мысалы, Тайландта иелері бар иттерді міндетті түрде тізімге тіркейді. Әр иттің құлағына электронды чип тағады. Егер иесі итті далаға тастаса қомақы айыппұл төлейді. Сонымен қоса көше кезген иттерді тамақтандыруға да тиым салынған. Ондай иттер орталықтарға жіберіледі. Олар сол жерде өздерінің табиғи өлімімен өлгенше болады. Германияда үй жануарларын далаға тастағанды «Жануарларға қатыгездік көрсеткені» деп танылып, 25 мың евро. көлемінде айыппұл салынады. Егер иесі жануарға қарай алмайтын жағдайда болса, оны арнайы орталыққа апаруы керек. Ал ондай орталықтар саны Германияда 500-ге жуық. Ұлыбританияда панасыз жануарларға жауапты арнайы маманды тағайындайды. Осындай маман оларды аулап, арнайы орталықтарға апарады. Ол жерде оларға жаңа иелерін табуға көмектеседі немесе неғұрлым қинамай өлтіріледі (ұйықтату арқылы). Италияда итті не мысықты тастаған жауапсыз адамдарды1жыл көлемінде қылмыстық жауапкершілікке тартады және 10 мың евро айыппұл төлетеді.
Әлемдегі ең алғашқы жануарларды қорғау үйі 1695 жылы Жапонияда Эдо қаласының жанынан (қазіргі –Токио) құрылған. Ал Қазақстан қалаларында жануарларға арналған орталықтар көбінесе жануарларды жақсы көретін, жаны ашитын қарапайым адамдар ұйымдастырған еріктілердің көмегімен ашылады екен. Мысалы, Астанада «Асенька», «Ковчег», «Дорога домой» орталықтары жүрек жылуы бар, жануарларды жақсы көретін қарапайым адамдар ұйымдастырған еріктілердің көмегімен ашылған. Ол орталықтарда 180-ге жуық мысық, 100-ге жуық иттер бар. Мысалы, «Ковчег» панасыз жануарларға арналған мемлекеттік емес орталыққа барғанымдағы бақылып білгендерімнің нәтижесі. Орналасқан жері Астана қаласының Орман завод маңындағы ескі жер үйде. Орталықтың мақсаты – панасыз жануарларға қол ұшын беру және олардың иесін табуға көмектесу. Қазіргі таңда орталықта 147 мысық пен 8 ит бар. Онда еріктілер жұмыс жасайды. Орталықта туған мысықтардың баласын егеді және стерильдейді. Барлық жануарлар ерікті көмекшілерге бекітілген. Еріктілердің көмектеріне қарамастан жануарлардың көпшілігіне жылылық пен көңіл бөлу жетіспейді. Себебі, бір адамның қарамағында 20 жануарлардан немесе одан да көп. Сондықтан орталықтарда жануарлардың иесін табуға көмектеседі. Мен орталықта бірнеше рет болдым. Жануарлар өздерін әртүрлі ұстайды. Көбінесе оларды сипауын, еркелетуді қалайды. Орталықта көбінесе жаралы, ауру жануарлар иесін таппайды екен. Себебі, оларға ерекше күтім керек, ал адамдардың көбінің онымен айналысуды қаламайды. Күз, қыс маусымдарына қарай жануарлар тұратын үйді жылылайды екен. От жағып, жылытады. Ал отынды қайырымды адамдар әкеліп береді екен. Әлеуметтік желілерде орталықтың арнайы парақшасы бар, сол арқылы адамдар көмек қолын ұсынады. Менің әкем де сол жерде тіркелген. Жануарларға отбасымызбен көмектесеміз. Дәрі, арнайы жануарлардың тағамын алып береміз. Орталыққа барып келген соң мен сыныптастарыммен «Нағыз достар» ұйымын құрдым. Мақсатымыз орталықтағы жануарларға қолымыздан келгенше көмектесу. Ол үшін не істей алатынымызды ақылдасып жоспар құрдық. Мектеп асханасында оқушылардан қалған тамақ қалдықтарын арнайы ыдысқа жинап, орталықтағы жануарларға апарып беріп жүрміз. Мектеп бойынша қағаз қалдықтарын жинап, түскен ақшаны орталыққа беруді ұйғардық. Біз «Панасыз жануарлардың мәселесі» деп жиі айтамыз, бірақ ол жануарлардың емес адамдардың мәселесі екенін ұмытпайық.
Үсенов Нұрәли Астана қаласы Халықаралық мектебінің 4 «С» сынып оқушысы
Кірпі мен жылан
(ертегі)
Ертеде Кірпі мен Жылан өмір сүріпті. Олар бір орманда өмір сүрді. Бір күні Кірпі балаларына тамақ іздеуге шығып, себетіне алма толтырып, үйіне қайтып келе жатады. Жолда Жылан кездесіп қалады. Жылан өзінің мықты екендігін Кірпіге көрсеткісі келеді.
Жылан: - Ей, кірпі, сен осы бәрінен мықтымын деп ойлайсың ба? Сен олай ойлама. Өйткені ең мықты ол менмін. Бәрінен жүйрікпін. Бәрінен де жылдам жүремін. Бойымда күшім көп. Алдыма келгендерді орап жеп қоямын. Керек болса, шағып аламын. Менің уымнан кейін әлі ешкімде тірілген жоқ. Денең толған ине. Сенің бойында қандай күш бар дейсің?
Кірпі: - Мен көп сөйлемеймін. Бар нәрсемді іспен ғана көрсете аламын.
Жылан: - Қандай іспен? Күлкімді келтірмеші.
Кірпі: - Ал ендеше мені жеңіп көрші?
Кірпі домаланып, жылан оны жеңемін деп, кірпінің инесіне оралып, қанға боялады. Осылай мақтанған жылан өліп тынады. Осыдан кейін кірпіден жыландар қорқатын болған.
Жиенжан Назира Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы Малайсары ЖОББМ 2-сынып оқушысы
Туған жерім – өз жерім,
Туған жерім – өз елім.
Гүлдері жайқалған,
Елім менің Қазақстан!
Амандық Айым С. Оразалин атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы