2017 қараша Балалар бақшасы

Анашым
Айналайын анашым,
Əр кез маған жанашыр.
Бұл əлемде сіздей сұлу,
Жоқ қой асыл анашым.
Аяулы да ардақты,
Анашым менің қымбатты.
Мəпелеген аялаған,
Менің асыл анашым.
Нуртаза Малика 9 жас Жезқазған қаласы

Мектебім
Өмірге ең қажетті,
Білім берген керекті.
Қадірлейік ұшырған,
Алтын ұям мектепті.
Ұмытпастан жүрейік,
Ұлағатты ұстазды,
Құрмет тұта білейік
Ақ пейілді ұстаздар,
Бас иеміз сіздерге!
Ерасыл 12 жас Жезқазған қаласы

Жарқыраған ЭКСПО
Мен екінші сыныпқа көштім. Бізге ұстазымыз ЭКСПО жайлы айтып берген. Сол кезде біз қатты қызықтық. Мен Астанаға ЭКСПО-ны көруге қатты асықтым. Сосын ата-анаммен жазғы демалыста барып қайтқым келді. Маған ЭКСПО қатты ұнады. Онда өте үлкен шар бар. Оның ішінде керемет таңғажайыптар бар. Анам маған бұл шар Қазақстанның мақтанышы, онда Қазақстанның жеткен жетістіктері бар екенін айтты. Сосын біз басқа елдердің павильондарын араладық. Олардың іштері өте әдемі. Тайланд жерінің павильоны қатты ұнады және анама да. Онда қызықты видеоларды көрдім, сосын сол жерде тегін массаж жасайды екен. Басқа ұлттың адамдарымен таныстық. Олар өте мейірімді. Оларға біздің еліміз өте ұнапты, себебі бізде барлық халықтар бір-бірімен өте дос. Біз бір күн бойы жүрдік. Мен ЭКСПО-ға қатты қуандым, себебі ол біздің Қазақстанда. Біздің сүйікті қаламыз Астанада. Сонда мен ЭКСПО-ға өзімнің өлеңімді арнадым:
Жарқыраған ЭКСПО,
Қазақстанда басталды.
Ең әдемі ЭКСПО,
Астанада қарсы алды.
Адамдарды қуантып,
Жатыр біздің ЭКСПО!
Сабыр Іңкәр Едігеқызы 7 жас Петропавл  қаласы

Ұстазыма
Мектептің алғаш есігін ашқанымда,
Көрдім мен алғаш рет ұстазымды.
Қарсы алып біздерді күлім қағып,
Көздерінен көрінді шуақ күннің.
Үйреттің оқу менен жазуды,
Білімді құйдырдың санамызға.
Есейіп біздер кеткенімен,
Ұмытпаймыз ұстазым өзіңізді.
Нұртаза Малика 9 жас Жезқазған қаласы

Асыл жанды анашым
Менің анам – Эльмира Серикбаевна. Мамандығы – мұғалім. Анашым- мінезге өте бай, мейірімді, ақылды, әдемі, құрметті, сыйлы жан. Ол кісі өте жан-жақты, пысық, барлығына үлгереді. Мектепте оқушыларға сапалы білім беруге аянбай, көп күшін жұмсайды. Үйге келгенде, үй шаруасымен айналысып, менің сабағымды тексеріп, сіңілімнің жаттауын жаттатып, біздерді аймалап-толғанып, еркелетеді. Сонымен қоса, анам бізді күнде тәрбиелеп, білім беріп, жақсы мен жаманды ажыратуды  үйретіп жүреді. Анамыз біз үшін – асыл, алтын, ұлы тұлға! Міне, мұғалімдер күні де келіп жетті.    
Анашымды төл мерекесімен құттықтаймын! Өмірде зор денсаулық, шаттық, жақсы көңіл-күй, көптеген жетістіктер тілеймін! Асыл жанды анамызды өте жақсы көреміз, мақтан тұтамыз! Алғысымыз шексіз!
Алиева Джанита 10 жас БҚО. Ақсай қаласы №4 ЖОББМ

Мен бақытты боламын!
Мен бақытты боламын,
Әсем әнге саламын.
Қазағымның кең жері,
Байтақ далам ұраным.
Елімізде егеменді,
Жерімізде де берекелі.
Мен бақытты боламын,
Жайдарлы әнге саламын.
Шуақты күндей нұрланып,
Құрақты жердей құралып.
Мен бақытты боламын,
Сазды әнге саламын,
Мен бақытты, ең бақытты боламын!
№217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушысы
Дарханбекқызы Дидарай 11 жас Қызылорда қаласы
                                                 
Ана – гүл, қыз – бұлбұл
Мен Серікбаева  Аида  Ақсай қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін  мектептің  2 «Ә» сынып оқушысымын. Мен  газетке мақала жазғанды өте ұнатамын. Себебі  біз сыныпта шығармашылық жұмыстармен көп айналысамыз. Осы  жұмысқа  мені  ең бірінші үйреткен  ұстазым Жаннат Қалидоллақызы, ары қарай  анам қолдап  көмектесіп жүрді. Өйткені ұстазым маған «Аида, сен өте  шебер сөйлейсің, сенің дарындылығың бар, кез-келген өлең болсын, шығарма болсын тез қабылдап аласың» дейтін. Енді міне мен енді еркін өз ойымды жаза аламын. Сыныбымызда жақын арада 8 наурыз мерекесіне байланысты  «Ана-гүл,қыз-бұлбұл» деген тақырыпта  ана мен қыз сайысы болды.Ең алдымен  аналарымызға арнап жыр шашу мен еңбек сабағында  жасаған сыйымызды тарту еттік. Әсем ән мен би биледік. Екінші бөлімде сайысымыз басталып кетті. Сайысқа 4 ана мен қызы қатысып, берілген жоспар бойынша дайындалған сайыскерлер  өздерінің керемет дайындықтарын көрсете білді. Шақыру  қағазын алған  ата-аналардың  барлығы және тәрбие ісінің ұйымдастырушы апайымыз Гүлсипат Қайыржанқызы, ағылшын пәні мұғалімі Мөлдір Бақытжанқызы, өзін-өзі тану мұғалімі Айжан Жандосқызы  қонаққа келді. Сайыс өте ұнады. Бірінші орынды Нұрлан Фатима мен анасы Арай апай, екінші орынды Мамбетова Лейла мен анасы Айнагүл апай, ал үшінші орынды Сексенбай Аружан мен анасы Гүлжамал апай мен Жубандыкова Аружан мен анасы Индира апай  алды. Барлығы да мақтау қағаздарымен марапатталды. Тәрбие сағаты соңында сыныбымыздағы ер балалар қыздарға сыйлық тарту етті. Осындай әдемі де, әсем  тәрбие сағаттарына біз  керемет дайындаламыз деп мақтанамын. Көктемгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Серікбаева Аида Батыс  Қазақстан  облысы Бөрлі Ақсай қаласы №4 ЖОББМ-нің 2 «Ә» сынып оқушысы жетекшісі:Сандибаева Жаннат Қалидоллақызы

Ерлік ердің ісі
Қиындық кезең сындары,
Ерліктің отын мұздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары,
Тағдыры талай қазақтың.
Ерлікке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Солдаттың асқақ жеңісі.
Төкенов Алмат Саятұлы 14 жас С.Нұғыманов атындағы мектеп 7 сынып ШҚО, Аягөз ауданы

Ертегі
Қасық пен Айыр
Ертеде Қасық пен  Айыр  өмір сүріпті. Қасық  өте ерке, мақтаншақ, ал  Айыр өте салмақты да ақылды болыпты. Бір күні Қасық  Айырды  қонаққа шақырыпты. Ол Айырдың сорпа іше алмайтынын біліп, әдейі сорпа дайындаған екен.
- Мен сұйықты да, қоюды да, тіпті шайды да  іше аламын,- депті Қасық. Қарны ашып  келген Айыр:
- Сен мені қонаққа шақырған соң, үйімнен нәр татпай келген едім, жақсы, ендеше мен жүрейін деп, ренжімегенін айтады. Ертеңгісін Қасыққа  сен маған қонаққа кел деген екен. Ол досына дәмді етіп лағман дайындапты. Қасық досының мырзалығын көріп, шын көңілмен дайындаған дастарханға толы тамағына көзі түсіп, қатты ұялған екен. Тіпті тамақты жеуге ар-ұяты бармапты. Айыр:
-Еее, достым, мен білемін неге тамақ ішпей отырғаныңды, ал ұялма, мен саған түк те ренішім жоқ, екеуіміз нағыз достар емеспіз бе, күнде бір-бірімізді көреміз, сырымызбен  шүйіркелесеміз, нағыз достар бір-біріне ренжімеу керек,- деген екен. Содан соң өзінің қателігін түсінген Қасық досынан кешірім сұрап, оған достық қолын беріпті. Осы күнге дейін екеуі бірге жүреді екен.    
Мулдагалиева Аяулым Ержановна
Ақсай қаласы №4 ЖОББМ-нің 3"Ә" сынып оқушысы 9 жаста Сынып жетекшісі:Сандибаева  Жаннат Қалидоллақызы

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін  және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар  да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке  қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Осы орайда өз пікірімді айта кетсем деймін. Бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой сақталып келді. Бүгін сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырмыз. Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың  сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық.  Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілісе  алмаймыз.  Себебі латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады. Яғни болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет. 
Зарина Мусабаева Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі