Ұстазыма

Шәкірт едім кеудем толы күш-жалын,
Алға тартқан арман жолын нұсқадың.
Кете бардым жүрегіңнен от алып,
Келдідағы бір өзіңе ұқсағым.
Ойша ұзатып өткен жылдар тізбегін,
Еске аламын май шуақ пен күз желін.
Қайырған бір, шаттанған бір шағымда,
Мен өзіңді, тек өзіңді іздедім.
Өмір жолы қалтарыс та бұралаң,
Сүрінсем де, кездерім жоқ құлаған.
Самайыңа қосқан бір тал ақ шашты,
Бір шәкіртің еңбек етіп, жүр аман.
Өзіңменен қалған сәтте кезігіп,
Есейгенім болады екен тез ұмыт.
Әр сөзіме есеп беріп тұрамын,
Балалығым қалатындай сезіліп.

Айтқали Нәріков