Ойыншықтары достары
Сәбинаның кішкентай.
Ұзақты күн жүргені
Әуре болып бір тынбай.
Су жүрегім, көжегім,
Үлпілдейді көйлегің.
Қорықпа, шық ініңнен,
Сәбіз турап берейін.
Қорбаңдаған қонжығым,
Балға әбден тойдырдым.
Кәмпит пенен тәттіге
Қалтаңды да толтырдым.
Қуыршақтар құрбылар,
Маған бері қараңдар.
Шаштарыңды сәндейін,
Бұрым етіп өрейін.
Қолтырауын тағы да
Тиістің бе балыққа.
Шекісуді қоймасаң,
Тұрғызамын бұрышқа.
Қане, достар, кеш болды,
Демалатын кез келді.
Бетті-қолды жуайық,
Ұйықтауға жатайық.
Қарлығаш Сыдыққызы
Астана қаласы