2017 шілде Балалар бақшасы

Астана күні құтты болсын!
Барлықтарыңыз білетіндей 6 шілде – Отанымыздың жүрегі Астана күні! Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір азақстандық үшін айтулы күн болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әлемнің ең дамыған 30 астаналарының қатарына кіру міндетін қойды. Қазірдің өзінде осы теңдесі жоқ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның экономикалық даму қарқыны қажетті тұғырнаманы қамтамасыз етті деп айтуға болады. Астана әлем астаналарының қатарында танылды. Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Шын жүректен мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін. Астанамыз гүлденіп, халқымызды біріктіріп, айбынды және көркем болып, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта берсін.
Сыздықова Гүлбар «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығының демалушысы
 
Саған, Астана!
 Астана күні әрбір қазақстандық үшін жай мереке ғана емес. Ол бәрімізді бірлік, Отанын шынайы сүйетін және құрметтейтіндердің, оны күшті, осы заманғы және серпінді дамитын мемлекет ретінде мойындайтындардың және оның көп  ғасырлық тарихын мақтаныш тұтатындардың жақсы өмірге ұмтылыс белгісі болып табылады. Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын және шын жүректен мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін!
Аманжолова Айдана «Балбұлақ»  жазғы сауықтыру орталығының демалушысы
              
Менің атам
Жаны ашып мен үшін,
Мені ойлап тұрады.
Еркелетіп, қолдап та,
«Жақсы бол!» деп айтады.
 
Қуаныштар сыйла сен,
Өз атаңа аманда.
Әрқашанда атаңа,
Ұзақ ғұмыр тілеп жүр.
 
Әрдайым ата-әженің,
Жұмсағанда тілін ал.
Үлкендерден бата алған,
Бақытты адам боларсың.
 
Зейнуллин Санаби Астана қаласы №84 мектеп-лицейінің 3 «ә» сынып оқушысы

Жан анам
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қатем болса кешірген.
Ақ пейілді анашым,
Ақ сүт беріп өсірген.
Күлімдеген көзінен,
Қуат алам өзінен.
Құлыншағым ботам деп,
Еркелеткен сөзінен.
Анам менің сырласым,
Сырлас және жан досым.
Қуаныш пен қайғыда,
Анашым менің қасымда.
Асыл анам дарасыз,
Ақыл берген данасыз.
Жанын берген біздерге,
Бізге қымбат анасыз!!!
Нұртаза Ерасыл 11 жас Жезқазған қаласы
     
Қош келдің, бірінші оқырман!
Кітап әлемі шексіз. Кітаптың адам баласына берері көп. Ал кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор екендігін ешкім жоққа шығара қоймас. Өйткені, білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Болашағымыздың көзі қарақты, көкірегі ояу, рухани байлығын мол етіп тәрбиелеудің бірі және бірегейі – баланы кітап оқуға әуестендіру екенін біз кітапханашылар жақсы білеміз. Халқымыздың қилы тарихымен, салт-дәстүрі мен өрелі өнері, білім-ғылымымен осы кітап арқылы таныса аласыздар. Жансыз болса да, бетін ашсаң адамнан бетер сайрап тұрған құдіретті зат – кітаппен балаларды достастыру мақсатымен жылдағы дәстүр бойынша, қаңтардың алғашқы күндерінде №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады. Бұл мерекеге сай кітапхана іші безендіріліп, кітапханашылар ертегілер әлеміне бүлдіршіндерді саяхатқа шақырды. Оқырмандар алуан түрлі кітаптармен және кітап кейіпкерлерімен танысып, қазақ аңызының кейіпкері Алдар Көсенің қойған сұрақтарына жауап берді. 2017 жылдың «Бірінші оқырманы» деген атаққа Родина орта мектебінің даярлық сынып оқушысы Тұрақ Нұрперзент ие болды. Кішкентай Нұрперзент поэзияға жақын. Анасының баулуымен өлеңді мәнерлеп оқығанда алдына жан салмайды. Қазақтың бас ақыны Абай атамыз «Адам адамнан ойы арқылы озады», - деген екен. Ендеше құрметті оқушылар, ата-аналар ойымызды дамытып, рухани сауатты боламын десеңіздер кітапханаға асығыңыздар.
Арқалық қаласындағы №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы: Сауле Ахметқызы

Ел мерейі –«Астана ЭКСПО-2017!»
Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ел мерейі –«Астана  ЭКСПО-2017» атты кітап қөрмесін ұйымдастырылып, оқырмандарға шолу жасалды. «ЭКСПО»-Дүниежүзілік көрме. Онда әлем елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі, өнердегі жетістіктерін көрсетеді. Осы көрмені басқа елдерге паш етеді. Осындай көрмені өткізу осыдан 165 жыл бұрын қолға алынған екен. Алғашқы көрме 1851 жылы 1 мамырда  Лондон қаласында ашылған. Содан бері әлемнің әртүрлі елдерінде 63 көрме өткізіліпті. Осы көрмелердің жұмысын реттеп отыру үшін 1928 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы Құрылған. Оның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бұл ұйымға әлемнің 165 елі мүше болып кірген. Енді көрме биылғы жылы біздің елімізде, Астана қаласында өтетінін жақсы білесіздер. Бұл – Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері бойынша өткізілетін алғашқы халықаралық көрме. Бұл көрме таныстыру барысы 3 айға созылады. Маусымның 10-ы аралығында өтетін көрмеге әлемнің әр түкпірінен 5 миллионан астам адам келеді деп күтілуде. Осы орайда Аудандық балалар кітапханасы Ел мерейі –«Астана ЭКСПО-2017!» атты мерзімді басылымдар бойынша жасақталған көрме бойынша библиографиялық шолу ұйымдастырды. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткен шара барысында «ЭКСПО-2017 Ынтымақтастықтың көкжиектері» («Егемен Қазақстан» 2013ж., 31 мамыр), «Елдің ертеңі – ертегі» («Айқын» №109, 20.06.2013 ж.), «Қазақстан және әлемдік көрме» («Егемен Қазақстан», 20 қыркүйек 2013 ж.), «ЭКСПО өткізу – Отанымыз үшін зор жауапкершілік» («Атырау», 4 наурыз 2014 ж), «Туристер көптеп келсе біздің елге» («Мәдениет» №11, 2016 ж) және т.б Сонымен қатар Дарынды балаларға арналған республикалық ғылым-танымдық журнал («Жас ғалым», №08, тамыз, 2016 ж.) «ЭКСПО-2017 көрмесінің берері көп». ЭКСПО2017»-дүниежүзілік көрме («Балдырған» журналы №12, желтоқсан 2016 ж.) көптеген мерзімді басылымдарда жарық көрген жарияланымдармен таныстырылды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған жаңа кітап «Ұлы дала ұлағаттары» деп аталады. Мемлекет басшысы жаңа туындысында туған жердің кешегісі, бүгіні мен келешегі, адамзаттың дамуы, өскелең ұрпақтың еншісіне тиетін маңызды мақсат-міндеттер жайлы жазады. Елбасы жаһандық күрмеулі мәселелер, құндылықтар туралы сөз қозғап, өзінің ой-толғамдарын оқырман қауымға ұсынады. «Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бәріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз. Осы орайда, биік таудың етегіне келіп, оның қарлы шыңдарына қарап тұрған адам сияқтымын. Оның қойнауында жан білмейтін көп қазына, небір ғажайып жұмбақтар бар секілді болып көрінеді», – деп жазады Елбасы. Тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне айналатын жаңа кітаптың алғашқы беттері «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды. Туындының мәтіні басылымның кезекті сандарында жарық көрген газетті бүгінгі көрмемізге қойып оқырмандарға таныстырылды. Міне осындай кітап көрмеміздің мақсаты: Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау. Сол шежіредегі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу, кітапхана қонақтары мен оқырмандарын ЭКСПО тарихымен таныстыру. Қазақстандықтардың  елімізде өткізіліп жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына, қазақстандық потриотизмге тәрбиелеуге және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятуға септігін тигізу. «Болашақтың энергиясы» деген тақырыпта өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің еліміздің экономикасына үлес қосып, абыройы мен беделін арттырары сөзсіз. Халықаралық  EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуметін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мусабаева
 
Ауылдағы апама
Сəлем, апа, құрметті,
Сау-саламаттасыз ба?
Өзім жаздым бұл бетті,
Іштей сезіп тұрсыз ба.?!
 
Келіп неге сүймейсіз,
Атам аман-есен бе?
Сабақтан қол тимейді, 
Бір барайын десем де!
 
Тырнақ алды хатымды,
Сізге жолдап отырмын.
Алып сізден ақылды.,
Үнемі үздік оқырмын.  
Нұрбаев Нұржан Байжанұлы 5-сынып оқушысы, Астана қаласы, №81 мектеп-гимназия