Жылдар жылжып өткенде,
Көктем келді бір елге.
Жаумай жауын бір тамшы
Солып жатты гүлдерде.
Еккен егін өнбеді.
Ел жабырқап күйзелді.
Жалбарынды Құдайға
Жауын сұрап тіленді.
Сезіп мұны Толағай да
Ұзақ күндер толғанады
Ақыл айтар кім екен? - деп
Жатса, тұрса ойланады.
Еліне жаңбыр ойлағаны,
Анасынан еркелікпен сұрағаны
“Білсеңіз апа айтыңызшы”
Қай жерде жаңбыр көп жауады?
“Таудa” деген жауабын естігесін
Жүріп кетті Толағай кідірместен.
Өзіне ұнап қалған бір шатқалды
Бөліп алды денесі дір етпестен.
Қары мен аңын қоса салды арқаға
Көтерді орманы мен бұлағын да
Ауыр тауды көтеру қиын еді
Қиналғанда тер ақты маңдайдан да.
Жаңбыр жауды ауылға таяғанда
Шыға келді ел қайта ажарлана
Аяғы тасқа сүрініп Толағайдың
Құлап кетті тұра алмай Алып бала.
Елі мен жері үшін өлді бала
Соңғы сөзі Толағайдың болды – “Апа”
Ардақтайды ел-жұрты ұмытпайды
Еске алады Алыпты жаңбыр жауса.
Төлегенова Асылай 12 жас Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы