Қарлығаштар келді,
Қара торғай келді,
Ағам оған жем шашып,
Ұя салып берді.
Атам болса тазалап
Су ағатын жиекті
Анам аула шетіне
Гүл ұрығын септі.
Алма, шие, қарақат
Талдар бүршік атты
Арықтар мен көлшікте
Бақа шулап жатты.
Мен де жүрмін көмекте
Аула ішін сыпырып
Қарындасым жүре алмай
Бір құлайды, бір тұрып.
Қолында бар шелегі
Апам кетті сауынға
Осылайша көп күткен
Көктем келді ауылға.
Жамалхан Өтегенова
Алматы қаласы