Мейірімді ана
...Құлыншағым құлыным деп зарлаған,
Алыстағы сорлы анамды сағындым,-деп Мағжан ақын жырлағандай, ананың орны әрқашан да бөлек. "Ана" – әлемдегі асыл, қымбатты сөздердің бірі. Ол – біздің қазынамыз. Бізге жан жылуын сыйлаудан шаршамайды. Аналар жайында өлең жолдары, шығармалар өте көп. Ананың мейірімділігі, қадір-қасиеті дәріптеледі. Оларды оқығанда кеудеңде бір жылулық пайда болады, күш-қуат алғандай боласың. Сол кезде еріксіз ойға шомасың. Менің ойыма бірден анам келеді. Қазіргі таңда анамнан жырақ жүрсем де оның мейірімін сезіп жүремін. Менің анамның есімі – Динара. Мамандығы – мұғалім. Ол Родниковка орта мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Олар мектебіндегі оқушыларға жаны ашып, оларға қамқор болып жүреді. Анам мектептегідей үйде де бәрін қадағалап жүреді. Сабаққа мұқият дайын болуымызға, киіміміздің дұрыс киілуіне, тамағымыздың құнарлы болуына көп мән береді. Менің анам ақжарқын, ақ көңіл, мінезі ашық адам. Ұрысқанға жаны қас. Егер бір қателік немесе бұзақылық жасасам, анам маған еш уақытта ұрысқан емес, тек жай ғана ескертеді. Мен анамның мінезіне, сабырлылығына қызығамын. Барлық аналар сияқты өте мейірімді, ақылды, барлық теңеулерге лайықты анамды жақсы көремін!
Қазым Әли М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы
Ана
Жаралдың бағыма шың
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем қамқоршым,
Қапа болма мен үшін.
Наурыз
Жылдың басы Наурыз
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
№ 36 орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы Орал Нұрдос
Мектебіме арнау
Былтыр ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым
Оразалин атаның
Мектебінде оқимын,
Оқулықты көбірек
Ойыма енді тоқимын.
Маратқызы Жадырат Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, С.Оразалин атындағы орта мектебінің 2-сынып оқушысы.
ЫСТЫҚ ҚҰШАҚ
Туған жер – адам баласының бәріне ыстық. Мен де өз туған жерімді, өз Отанымды сүйемін және мақтан етемін. Туған жерді қадірлеу, құрметтеу әр адамның парызы деп ойлаймын. Менің туып өскен жерім – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы. Ауылым маған ұнайды. Табиғаты, тау-тасы маған ыстық, әрі көрікті.
Біздің ауылдың ауа-райы да жақсы, таза. Ауылда мен ата-анаммен тұрамын. Мектепте мұғалімдердің берген білімін, ақылын үйреніп жатырмын. Маған анамның құшағы қандай ыстық болса, туған жерім де сондай ыстық. Мен өз ауылымды қатты жақсы көремін. Алыс кетсем сағынып, аңсаймын. Өскен соң еліме қызмет етіп, ауылымды жақсартуға күш саламын. Туған жерді қадірлейік, достар!
Амандық Айым С.Оразалин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы
Ана
Анашым,сенсің мені мәпелеп мейірім төккен,
Сенсің мені өсіріп дүниеге әкелген.
Жан досымсың сыр айтар
Тек болшы анам қасымда,
Егер кетсең алысқа,
Сені есіме аламын.
Сен де мені есіңе,
Уайымдап та аласың.
Сенсіз өмір кешпеймін,
Сенсіз қадам баспаймын.
Жанымда болшы анашым,
Тек болшы анам қасымда!
Табынбаева Камила М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы
Көктем
Табиғат жыл мезгілдерінің ішіндегі мінезі жайлы көктем мезгілі маған өте ұнайды. Себебі бұл мезгілде барлық тіршілік оянады. Табиғат бейне бір ертегілер әлеміне айналғандай. Қыс бойына ақ көрпесін жамылған қара жер жеңілденіп, бүкіл тіршілік иелері оянып, әлем у-шуға айналады. Жылы жаққа кеткен құстарымыз туған жерімізге қайта оралып ашық аспанымызда самғап ұшады. Сай-сала айнадай суға айналып, жерге сіңіп, қара жердің беті көгереді. Жәндіктер тіріліп, бақша әдемі көрініске айналады. Ең алғаш шығатын бәйшешек пен жауқазын өсіп, бүршік жарады. Балалардың барлығы көшеге шығып, бірге ойнайды. Біраз ай көріспеген үлкен қарттар көшеге шығып көріседі. Осы мезгілде қызығымен келетін наурыз айының мерекелерін тойлайды. Алғыс күні, аналар мерекесі, көрісу күні, наурыз мерекесін барша жұрт біріге тойлайды. Міне көктем мезгілі осындай кереметтерімен қызықты.
Көктем, көктем, көктем
Сағына күтіп жеткен.
Мен көктемді жыр етем
Жырыммен тебірентем.
Самат Амир Ақсай қаласы №4 ЖОББМ 2 «ә» сынып оқушысы
Мадақ (Қазтуған жырауға еліктеу)
Қазақ қызы, үлгілі жан, инабатты.
Отаны, елі, жері тым қымбатты.
Барлық жанды өзіне баурайтындай
Әрбір сөзі болардай жанға тәтті.
Ісі әркез сәйкес келер сөзіменен,
Көзге түскен әр жерде білімімен.
Барлық жанға мейіріммен қарайтұғын
Сыйлы болған ортасына мінезімен.
Еске алып мақтаған кездеріңді
Мәз боласың, жинай алмай езуіңді.
Қысылып, ыңғайсыз бір күй кешесің
Шаттанып, мақтағанда өз-өзіңді.
Жанарбек Жадыра 16 жас Алматы қаласы
Жаңа жыл
Келді міне Жаңа жыл
Жаңа арман, жаңа жыр.
Барлық бала шаттанып,
Би билейді қуанып.
Неткен әсем қыс деген
Құлпырды ғой айнала.
Аппақ дала, қаламыз.
Жаңарды ой-санамыз.
Аманбек Нұргүл Жанаділқызы Қызылорда қаласы №112 орта мектеп 3 «б» сынып оқушысы
Қыс
Мен қыста тоңбаймын,
Ойынға еш тоймаймын.
Қыс қызығын қызықтап,
Жаңа жылды тойлаймын.
Тілеужанов Төлеген Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, 2-сынып оқушысы
Сүйемін
Мен де Мағжан Жұмабаев атамыз секілді ең алдымен, анам мен әкемді сүйемін! Өйткені олар маған дүние есігін сыйлады. Анам ана тәрбиесін беріп, әкем әке тәрбиесін беріп менің бойыма жақсы ұғым, жақсы тәрбие берді. Қазір мен қалада оқып жүрмін, ал ата-анам ауылда тұрса да олардың мен үшін істеген еңбектері сезіледі. Сондықтан да мен ең алдымен ата-анамды сүйемін! Ата-анамнан кейін мен өзімнің ардақты да аяулы екі апамды сүйемін! Өйткені олар анамның қолы тимесе, үйде болмаса киімімді дұрыстап, сабағымның дұрыс орындалуын да қадағалап әрдайым мені әлпештейтін. Екі апамнан кейін мен атамды сүйемін! Атамның мен үшін сіңірген еңбегі зор деп санаймын. Мені білім нәрімен сусындатқан адам – атам болатын. Ол маған кішкентайымнан «Балам, әдеби кітаптарды оқы! Сонда ғана тіл байлығың артып, сауаттың ашылады» дейтін. Маған үйдегі жасөспірімдерге арналған әдеби кітаптарды оқытқызатын және тек қана қазақ тілінде емес орыс тілінде де кітап беретін. Мен демалыста ауылға барғанда атам мен үшін оқитын кітап дайындап қойып жүр. Сондықтан мен атамды сүйемін!
Қазымов Әли М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы
Мен суретші боламын
Мен суретші боламын
Қарандаш, бояу аламын,
Мен суретші боламын.
Ауылымның суретін,
Көркем етіп саламын.
Сапарова Гүлайна БҚО Шыңғырлау ауданы, Ащысай ОЖББМ 2-сынып оқушысы