Ұстазым ұлы мәртебелім

Ұстаз ұлы мәртебем боп саналады,
Алғаш қадам мектебімнен басталады.
Түзу жолды бізге он жыл үйреткен
Есімі оның мәңгі есте сақталады.
 
Ұстаз деген ұлы тұлға мәртебем,
Ұстазымды биік көкке көтерем.
Ұстазымды барынша мен мадақтап,
Мақсат еткен армандарға жеткізем.
 
Әр сыныпта әртүрлі мұғалім бар,
Ол ұстаздан оқушылар үлгі алар.
Оқушылар ұстаздан үлгі алып,
Белсенділік танытып барын салар.
 
Ұстаз ғой ілім, білім беретін,
Он жыл бойы бізді оқытып келетін.
Әлі де шаршаған жоқ, шалдыққан жоқ,
Біз үшін қиындықты жеңетін.
 
Әр балаға ұстаздары гүл-сызы,
Әр балаға ұстаздары қырмызы
Есімі ұстазымның менің дағы,
Қонысбаева Дина Серікқызы.

Саухан Луиза Исламбекқызы 6 сынып оқушысы