2017 қайтар Балалар бақшасы

Табиғат
Табиғат қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Мезгілдер келер жараса,
Бір-бірімен алмаса.
Шөкенова Жұлдызай 8 жас
Ақтөбе облысы, Аралтоғай селосы
 
***
Даниярұлы Саян – менің шәкіртім. Ол 1-ші сыныпқа 6 жасқа толмай келсе де, өте алғыр, ақылды, талапты бала болды. 1-ші сыныптан ол өз жанынан өлең шығарып жазуды өз ермегіне айналдырған. Мен осы шәкіртімнің болашағынан зор үміт күтемін. Болашағы жарқын болсын деген тілекпен осы оқушымның жазған алғашқы өлең жолдарын жолдап отырмын.
Менің әжем
Менің әжем керемет
Жастық, көрпе тігеді.
Маған арнап әдемі
Тақия тігіп береді.

Хирург болам өскенде
6 жасар баламын,
Өскенде хирург боламын.
Адамды емдеп жазамын,
Отбасымды бағамын.
Сынып жетекшісі: Ақтанова Шолпан Ерұзаққызы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылы, «И.Шорманов атындағы орта мектеп-МДШО» КММ

Қыс пен жаз
Қыс келсе ғой шіркін-ай,
Қар атысып ойнаймыз.
Ақ қаланы соғып та,
Ойнаймыз біз тоқтамай
Каникулға шығамыз,
Ойнап-күліп қаламыз.
Суда жүзіп серігіп,
Демаламыз көңілді.
Бостанова Айғаным 9 жас Алматы облысы, Есік қаласы, Бөлек ауылы

Жас суретші
Қолға бояу алдым,
Бөлмеде өзім қалдым.
Не саларымды білмей,
Ана суретін салдым.
Батыралиева Азиза 3 "б" сынып оқушысы Алматы облысы Шелек ауылы
 
Менің тәуелсіз елім!
Біздің Отанымыз – тәуелсіз ел. Себебі менің елім ешкімге бағынышты емес. Біз өз алдымызға азат елміз. Бұл – ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы. Тәуелсіз еліміздің өз туы, әнұраны, елтаңбасы бар. Осындай елде тұратыныма қуанамын. Қазақстанның тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыздың арқасында еліміз дамып келеді. Президентіміз жыл сайынғы жолдауында халықты бірлікке, ынтымаққа, ел үшін еңбек етуге шақырады. Елімнің даңқы жыл сайын артып келеді. Азғантай жыл ішінде жас қала Астанамыз бой көтерді. Астанамызды дүние жүзіндегі үлкен қалалардың қатарына қосуға болады. Еліміз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен бабаларымызды ұмытпаймыз. Осындай бейбіт елде тұрып жатқанымыз солардың арқасы. Мен өз еліммен, елбасымызбен, халқыммен мақтанамын. Мен сабағымды беспен оқып жүрмін. Бұл – менің елімнің өркендеуіне қосқан кішкентай ғана үлесім деп білемін.  Мен үшін өз Отанымнан артық ел жоқ. Менің Қазақстаным жасай берсін!
Бағдатова Шұғыла, 4-класс оқушысы Ақтөбе облысы, Алтықарасу ауылы

ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ
Биылғы жыл – Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығы. Бұл қазақ елінің шоқтығы, биік ең мерейлі мерекесі. Тарих пен тағдырдың талай өткелдерінен сүрінбей өткен қазақ елі. Ширек ғасырда адам танымастай ұлан-ғайыр жетістікке жетті. Қазақ елінің ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Тәуелсіз еліміздің басты тірегі – Елбасы. Тұңғыш президентіміздің салиқалы сарабдал саясатының арқасында дүние жүзіндегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтын деңгейге жеттік. Айтулы мерекеге орай Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушылары сынып жетекшісі Ғазезова Айгерім ат салысты. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, ән шырқалып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар Ел тәуелсіздігіне 25 жыл атты бейнеролик көрсетілді. 
Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қаспағыннан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тынысталуда. Қанымызда бұл ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқынның бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Ел Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! 
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Аудандық орталық балалар кітапханасының библиографы Әміржанова Мөлдір