Шәкен Аймановқа арнау

Ұрпақтарың қалай сені ұмытпақ,
Мен жазайын өзің жайлы жыр ұштап.
Алматының топырағында жатсаң да,
Жатыр бүгін туған жерің ұлықтап.
 
Шәкен ата дарынды актёр шеберлі,
Ол киноның жұлдызы ғой өнерлі.
Баянауыл топырағыңнан айналдым,
Ұлыларды текті туған беделді.
 
Қалай тұрам өзің жайлы мақтанбай,
Азамат ең абыройлы атпалдай.
Ескерткішің орнатылған ортада,
Тағы кино түсіріліп жатқандай.
 
Кейіпкер боп талай рөлді сомдадың,
Бізге тарих жүріп өткен жолдарың.
Ұлтың үшін жана білген еңбегің,
Аштың талай қазағымның зор бағын.

Егінбай Карима 6-сынып оқушысы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылы