2016 желтоқсан Балалар бақшасы

 Тәуелсіз елдің баласымын!  
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақ халқы аңсаған арманына жетті. Еліміз егеменді мемлекет болды. Қазақ халқы өзінің арман ойын қазақ ашық жеткізді. Қазіргі мемлекетті жер жүзі біледі. Тәуелсіз елдің Әнұран қазақ тілде шырқалады. Ол жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлейді.
Есенбаева Айсана
2 сынып оқушысы Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы
 
Тәуелсіздік күні
16-желтоқсан, 16-желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Қуаныш пен бақытқа,
Мол шаттыққа толған күн.
Аида Мұрат 11 жас
Шымкент қаласы
 
Ана тілім – асыл қазынам
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ана тілімізді бұрмаламай, таза сөйлеуіміз керек. Яғни басқа тілдің сөздерін араластырмауымыз керек. Басқа тілді білсек те, ана тілімізбен сөйлеуіміз керек. Біз тілсіз не істей аламыз? Біз тілсіз сөйлей алмаймыз, бір-бірімізді мақтай да, түсінісе де алмаймыз. Сондықтан да әр адамға ана тілі қажет! Сондықтан да әр адам өз ана тілін құрметтеуі керек. Ана тілін сыйлау, сүю біздің міндетіміз. Ана тіліңді сақтау – асыл қазынаңды сақтау деген сөз. Ана тілімізді қорғап, құрметтеп жүрейік, дегім келеді.
Игілікова Ханшайым 8 жас
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы

Жалқаубектің еңбегі
Баяғыда кішкентай үйшікте кішкентай ғана Жалқаубек болыпты. Ол өте еріншек, салақ, әдепсіз болған екен. Бір күні Жалқаубек мектепке барғысы келеді. Бірақ онда ешқандай тиын-тебен болмайды. Әдетте мектепке бару үшін анасымен, не әкесімен бару керек болатын. Бірақ бұл жолы Жалқаубекке тиын-тебен төлеу керек. Себебі, алдыңғы жылы Жалқаубекті мектептен шығарып жіберген болатын. Жалқаубек еңбек етуді білмегендіктен не істерін білмейді. Байғұстың не ата-анасы жоқ. Сонда Жалқаубектің есіне баяғы досы түседі. Бірақ ол досының үйі өте алыста, оған бару қиын. Жалқаубек ары ойланып, бері ойланып сол жерге баруға шешім қабылдайды. Жалқаубек сол жерге жеткен бойда досының асыр салып ойнап жүргенін көреді. Ол досына барайын десе досының қасындағы балалардан ұялып, қатты қорқады. Ол сол кезде үйіне қайтып кетеді. Үйіне жеткенде өз үйінің сыртына қарап шошып кетеді, үйінің сырты кір, төбесі құлағалы жатыр екен. Ол шамасы жеткенше үйін тезірек сылайды. Алыстан үйіне көз жүгіртсе, ол өте тамаша болып қалыпты. Оның ендігі үйін көрген адамдар таңқалып, өздеріне солай істеп беруін өтінеді. Соның бәрін істеп жүріп Жалқаубек тиын-тебен табады. Сол тиын-тебенге ол мектепке барып оқып жүреді. Осылайша Жалқаубек ең мықты құрылысшы да атанып кетеді.
Аружан 11 жас
Тараз қаласы, Аса ауылы

Ұстаз
Бірінші сыныптан оқытып,
Төрт жыл бойы еркелікке шыдаған.
Білімменен бәрімізге әрқашан
Күндей жылы шуағыңыз тараған.
Мұрат Мадияр 10 жас
Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Астана
Əсем қала, Бас қала,
Жаңа қала, Жас қала,
Біздің Астана байтақ кең дала.
Жас қаламыз Астана,
Əсем əнім Астана,
Сен əлі де жас қала.
Өрлей берші биікке,
Самғай берші аспанға,
Көктей берші жас қала.
Аружан 10 жас
Шұбарсу ауылы

Кішкентай балғын балалар
Кішкентай балғын балалар,
Өзінше істі саралар.
Үйдегі екі сіңілім,
Ой менен қырды жағалар.
Мөлдірейді көздері,
Тәтті ғана сөздері.
Еркеліктері ұнайды,
Сүп-сүйкімді өздері.
Таңертең ерте тұрады,
Бар екен тағы сұрары.
Түртпектеп мені оятып,
Құлағымды бұрады.
Шонжар Ақерке 11 жас
Қызылорда қаласы
 
Үздік оқырман
ХХІ ғасыр – білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі жаңа Қазақстанды өркендетудің 2050 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйтқысы болатыны көрсетілген. Бәсекеге қабілеттіктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі артық екенін анықтау үшін аудандық орталық балалар кітапханасы  «Үздік оқырман» сайысын өткізді. Бұл сайысқа мектеп оқушылары қатысып, 5 бөлімнен тұратын шарттармен танысып, өзінің алғырлығын еңбек қорлығын, үздік оқырман екенін дәлелдеп, үздік оқырман атағына Аманкелді орта мектебінің 5 «а» сынып оқушысы Өмірсерік Нұрдаулет атанды. Сайысты бағалап, әділ бағасын берген Аманкелді аудандық әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Кариршинов Самат Мырзабекұлы қазылық етіп, қатысушы оқырмандарға мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Кітапхана – білімпаздар мекені, оқушылар кітапханаға келіп, кітап алып оқып, кітаптан керекті тапсырмаларына дайындалады, білімдерін жетілдіреді.
Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жан дос, ізденейік қосыла.
Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге оқиық, бірге еңбек етейік!
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мусабаева