2016 қараша Балалар бақшасы

Менің сыныбым
Мен Алматы қаласы, Жетісу ауданы № 177жалпы білім беретін мектептің 1 «в» сыныбын жақсы, марапаттау қағазымен аяқтадым. Аты-жөнім Ким Томирис. Мектебім «Көкжиек» ықшам ауданында орналасқан. Сынып жетешіміз – Жүнісова Фариза Тілеуқабылқызы. Сыныпта 29 оқушы. 16-ұл, 13-қыз. Сыныптастарымды, ұстазымды көруге асығып, жазғы демалыстың бітуін асыға күтудемін. Сыныптастарым бір-бірімен тату, әрқашан бір-біріне көмектесіп тұрады. Ұстазымыз бір сыныпта оқығандықтан ұйымшыл болыңдар деп үнемі айтады. Биыл екінші сыныпқа көшеміз. Сыныптастарымның бойы да, ойы да өсіп, бір жылға есейіп келеді. Сыныбымда өнерлі оқушылар да бар. Республикалық, қалалық мәнерлеп оқу байқауының, ғылыми жобаның жеңімпаздары Телжан Нұржанат, Бостан Хауа. Спорт жағынан да Ходжахмет Тұрарбек таэквандодан Республикалық турнирінің жеңімпазы. Мерхан Батырхан – таэквандо, Есенкүл Нұрбек пен Мен бокс үйірмесіне қатысамыз. Болашақта үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Сыныптастарымды да спортпен айналысуға шақырамын.
Қазіргі кезде балалар бос уақыттарын компьютер алдында өткізеді. Бұл денсаулыққа зиян деп ойлаймын. Сондықтан өз уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын. Сабағымды жақсы оқимын. Ұстазымыз болашақта елімізге денсаулығы мықты, білімді жастар қажет деп айтады.
Менде өскен кезде еліміз Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ата-анамның мақтанышы болып, үмітін ақтаймын деп уәде беремін. 

Күн шуағы
Күн шуағы төгіп нұрын далаға,
Мәз болады, шаттанады бала да.
Жерін жыртып, құнарында тексеріп,
Егінші де жұмысынан қалама.
Көктем келіп бар тіршілік оянды,
Айналамыз жасыл шөпке боялды.
Бақбақ гүлі желпінеді желменен,
Әсем бөбек күнге құшақ жаяды.
Жетес Шакиза 8 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы

Ауылым
Ауылым-алтын бесігім,
Өзіңде өстім, жетілдім.
Арнаймын өлеңімді,
Қорғаймын алтын жерімді.
Сауранбай Гульнур 8 жас
Шымкент қаласы 

Асыл анам
Асыл анам ардақты,
Әрбір сөзің салмақты.
Бізді қолдаған адамсыз,
Ақниетті жаныңыз.
Өсірдіңіз әлдилеп,
Аяладыңыз мәпелеп.
Жүрегіңіз үн қатқан,
Тек қана біз деп.
Құттымұратова Гүлнұр 11 жас
Арал қаласы

Ұстазым
Сырласқан жас пен кәрімен,
Сыйласқан жұрттың бәрімен.
Сөйлеген сөзді жәйімен,
Ұстазым қымбат бәрінен.
Мінезі майда, әрі кең,
Сөздері терең мәнімен.
Бастауын алған әріден,
Ұстазым қымбат бәрінен.
Бөкебай Нұрила 11 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
 
Ана
Ана – біздің өміріміздегі ең ерекше адам. Бізді түн ұйқысын төрт бөліп бағып, қаққан адам. Барлық адам анасын жақсы көреді. Қазақта бір сөз бар ғой "Анаңды 3 рет Меккеге арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың". Анаңды неше рет ренжітсең де ол көп ренжімиді, себебі ол кешірімді адам. Аналарымызды ренжітпеуге тырысайық.
Утеғалиева Бибінұр 12 жас Атырау қаласы
 
Адал достар
Айсәуле үй жануарларын өте жақсы көреді. Үй жануарлары десе ішкен асын жерге қояды. Анасы Айсәулені балабақшаға берді. Ол балалармен тез тіл табысты. Бір күні ол жолдан сүйкімді дауысты естіді. Айсәуле шөптің, талдың бәрін қарады. Бірақ таба алмады. Сөйтіп жүре бергенде бағанағы дауыс қайтадан естілді. Айсәуле жүгіре басып, балабақша жанындағы гүлдерді қарады. Сол кезде гүлдер арасынан сүп-сүйкімді мысық тауып алды. Ол сол мысықты асырамақшы болды. Ата-анасы да бұған қарсылық білдірмеді. Айсәуле мысыққа әрдайым уақытылы тамақ беріп жүрді. Бір күні мысықтың сүп-сүйкімді өзі секілді үш марғауы өмірге келді. Айсәуле қатты қуанды. Ол тек ана мысықты ғана емес, марғауларды да уақытылы күтті. Бірде оларды аулаға ойнатуға шықты. Аула өте әсем еді. Мысықтар сол жерден кеткілері келмеді. Бірақ Айсәуле әкелген ерке күшіктен, кішкене мысықтардың бірі қатты қорықты. Көп ұзамай бәрі достасып кетті. Олар күні-түні бірге ойнайтын адал достар болды.
Аяған Ғайни 12 жас
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы

Тіл
Тіл қоса алар жер мен көктін арасын,
Тіл айырар анасының баласын.
Тіл ақылдын өлшемі,
Тіл қадірін білмеген – өз қадірін білмиді.
Аяулым 11 жас
БҚО, Қараөзен ауылы

Гүл
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ, деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай» - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.
Қали Әлия 10 жас
Атырау қаласы

Ана тілі
Ана тілім жүрегімде, арымда,
Қадірлеймін тілім менің барымда,
Ешқашанда ұмытылмас жадымда,
Тіл құрметтеу қазақтың бар қанында.
Ана тілім сыйлаймын ғой мен сені,
Мұңайғанда көтересің еңсемді,
Арымменен, жанымменен ант етем
Әрқашанда сақтап жүрем мен сені!
Ана тілін, қазақ тілін құрметте,
Әйтпесе кетеміз мәңгүрт болып біз текке!
Бауыржан Ұланұлы 10 жас
Алматы қаласы

Әже
Менің әжем аяулы,
Білмегенді үйретер.
Әжем менің ардақты,
Бізді жақсы көреді!
Ақболат 12 жас
Астана қаласы

Сайыс Жеңімпазы
Биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланатын тарихи жыл. Қазір еліміз бойынша барлық жерде, барлық салада осынау мерейлі мерекені жоғары деңгейде атап өту жолында жасампаз істер жасалуда. Осындай іс-шаралар Қостанай қаласында Ыбырай  Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  Қостанай облысы мәдениет басқармасының қолдауымен өткен «Сөз құдіреті» III-Облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Бұл байқауға аудан және қалаларының мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Қарабалықтан келген Бекенова Баян иеленсе, 2-орынды ауданымыздың намысын қорғап  барған Б. Қолдасбаев жалпы білім беретін орта мектебінің 6 сынып оқушысы Серікбаева Баян Рашитқызы иеленді. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларғы салтанатты түрде марапаттар беріліп, сыйлықтар табысталды. Баянға алдағы уақытта осындай биік шыңдарға қырандай ұшып, үлкен белестерді бағындыра беруге тілектеспіз!                                 
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мусабаева