Туған жерім

Қожабақы – жер жаннаты, туған жерім,
Ордасы тәрбие мен өнегенің
Әсте сені жырлаудан жалықпаған,
Жетіскен, Әмірхан мен Ғабиденің.
 
Қожабақым – бар байлығым, асыл маған,
Ол менің гүлге оранған жасыл далам.
Қашан көрсең білдіріп дос пейілін,
Өзге мінез, өзге күй танытпаған.
 
Қожабақым – алтын бесік, Отан маған,
Жан бар ма Отанынан от алмаған.
Туылғалы топырағыңда аунап өскен
Отан анам,  мен сенің батыл балаң.

Жаниет Бақыт Бағдаулетұлы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы №25 мектептің 6 «а» сынып оқушысы