2016 қазан Балалар бақшасы

Тәуелсіз ел Қазақстан!
Жарқырашы Қазақстан!
Жайна сен де,Астана!
Әрқашан да гүлдене бер
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Жахан Ажар
1 сынып оқушысы Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы

Анашым
Сүйікті менің анашым
Ұқыпты бала боламын
Оқулықты оқып-ақ
Білімпаз бала боламын
Ыдырыс Ертіс
3"б" сынып оқушысы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы

Астанаға тілек
Болашақтың бастауы Астанамыз,                                                           
Астана еліміздің бас қаласы.
Астана болашағы сен елімнің,
Астана көрік берген жас қаламыз.
 
Ән-жырымды арнаймын Астанаға,
Барма артық сый бұдан Астанаға.
Шаңырақ көтерсе де мың сан қала,
Биік сенің мәртебең о, Астана!
Орынбасар Дамир
Т.Әубәкіров атындағы ЖО мектебі 8-сынып оқушысы
 
Айша
Ақындардың арналсын жиі жыры,
Әр жанның болу керек зейіні ірі
Кішкентай жақсылықтың өзінен-ақ,
Баланың көрінеді мейірімі
Гулзат Джулаева
 
Жақсы оқушы боламын
Сабаққа мен келемін,
Күнде ерте кешікпей.
Апай берген есепті,
Орындаймын асықпай.
 
Жазуды да жазамын,
Күнде бестік аламын.
Тәртіпті де ұқыпты,
Мен оқушы боламын.
Нұрханғали Аяулым
1-сынып оқушысы Жетекшісі: Махамбетова Мөлдір Түлкібас ауданы 

Қиялымдағы мектеп
Бір күні ұстазым «Қиялыңдағы мектеп қандай?» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма берді. Тапсырма жайлы көп ойланып,білім алып жатқан мектебім қиялыма келіп орнады.
...Қазақтың кең сахара даласында сәулелі күн шапағатымен астасқан 12 қанат қазақтың ақ ордасы бойы көтеріп тұр. Маңдайшада «Қазақ білім ордасы» деген жазу. Шаңырақ болса әдемі қиюласып, түйісіп екі таяқшамен бекітілген. Бірінде «ата-ана», екіншісінде «ұстаз» деген жазулар бар. Мектеп шаңырағын ұстап тұрған осылар екенін ұқтым. Шаңырақтан төгілген үш шашақты – үш тұғырлы тіл деп түсіндім. Ал, шаңыраққа шаншылған сансыз уықтар – білімді, тәрбиелі, талантты шәкірттер біздер болармыз. Үйдің 12 керегесі – 12 жылдық білім,12 сынып деп жорыдым. Ал үйдің есігі – болашағымның ақ жолы, екі босаға – сапалы білім мен саналы тәрбие екенін ұқтым. Қуанып ояндым. Анашым: «Мектепке Бименде Амалбековтың атын беріпті. Сүйінші!» деді. Түсімде көрген қиялымның шындыққа айналғанына сене алар емеспін.
Пазыл Мәди 6 сынып оқушысы
 
Егеменді Қазақстан
Қазақстанның халқы біздерміз. Біз бәріміз де татумыз. Қазақстанда көп қазына мен табиғат дейтін керемет асыл қазына бар. Сол жерде біздің ақын аға-аталарымыз да, жауынгер батырларымыз да өмір сүрген. Міне бұның өзі – тарих толғауымен бірге.
Қазақстандай жері шырайлы, халқы тату өлкені кімде-кім қадір тұтпасын,шіркін! Әрине, әркімнің өз отаны болады. Бірақ, бізде 180-нен астам ұлт өкілдерінің тұратынын естен шығармайық! Олар да Қазақстанды дәл біз секілді сүйеді. Ұмытпайық, достар, біз – егеменді ел  Қазақстанда тұрамыз!
Құдайбергенова Мереке Шымкент қаласы
 
Ана тілім – жүрегімде мәңгісін!
Дүние есігін ашқаннан әркімге ана тілі бойына біртіндеп сіңеді. Әрине, сәби дүниеге келгеннен сөйлеп кетпейді, бірте-бірте үйренеді. Әр халықтың мақтан тұтар өз ана тілі бар. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – құдіретті тіл. Әр қазақ баласы мемлекеттік тілде сөйлей білуі тиіс. Өз жеріміз, тәуелсіздігіміз, аса ардақты ана тіліміз бар. Бағынышты болмай, тәуелсіз өмір сүріп, ана тіліміз қазақ тілінде сөйлесіп жатырмыз. Бұл әрине, қазақ халқының жетістігі, үлкен мәртебе. Бірақ, қазіргі кездегі көп жастар басқа тілде, соның ішінде орыс тілінде сайрап тұрады. Ана тіліміздің қазірден осылай бұзылуы, болашақта тіліміздің жоқ болуына, ана тілімізден айырылуға жол ашады. Жастардың бұл тілде сөйлеуі отбасындағы ата-ананың сондай тілден сөйлеуінен болады. Әрине, олар қазақша түсінеді және сөйлей де алады, бірақ олардың санасында қазақ тілінде сөйлесе жат нәрсе болып көрінеді ме, әлде қалай? Қаншама қазақтың ішінде бір орыс отырса да, барлығы да орысша сөйлеуге дайын болып тұрады. Біз өз тілімізді жатсынбауымыз қажет, керісінше мақтана білуіміз керек. Әр халық өз ана тілін, салт –дәстүрін айрықша қадірлейді. Президент Н.Назарбаев айтқандай «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек». Қазірден осылай тіліміз бұзылып жатса, ертеңгі болашақта қандай ел боламыз? Ана тілімізді біз қадірлеп, мақтан тұтпасақ, кім қадірлейді?
Сымбат Төлтебаева
Астана қаласы, Оқушылар сарайы,  «Журналистика және ТВ» үйірмесінің оқушысы

«Толағай» сайысы 
Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Толағай» спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарысқа ауданымыздың 4 мектеп оқушылары қатысып, өздерінің жылдамдықтарын, алғырлықтарын жақсы көрсетіп, 1-орынды Ы. Алтынсарин орта мектебінің оқушылары жеңіске жетті, 2-орынды Ә.Боранбаев орта мектебінен келген «Толағай» тобы жеңіске жетсе, 3-орынды Аманкелді орта мектебінің «Ертарғын» тобы иемденді. Барлық қатысқан топтарға марапаттау қағазы мен сыйлықтар табысталды.
 
Қабылдина Жазира 
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Аудандық орталық балалар кітапханасының қызметкері