Қаныш атаға

Қазақтың даласына ғалым келді,
Еңбектерін тамсанып, әлем көрді.
Кеңестер Одағына қызмет етіп,
Ұрпағына жаңалықтың төрін берді.
 
«Алаш» деп ұрандатқан батырларға
Шын ниетпен көмектесті асылдарға.
Қазағымның түспесін беделі деп
Мәскеуде дәлелдеді барлығына.
 
Геология саласында маманданған,
Бала кезден зерттеуді армандаған.
Үйретіп барлығына көп нәрсені
Ғалым қазақ атағына ие болған.
 
Қаныш ата мұның бәрі сенің арқаң,
Сізден келіп көп ғалым тәлім алған.
Білімсіз деген аттан құтылдық та
Мақсатқа бірге жеттік алға қойған.

Жаниет Бақыт Бағдаулетұлы 
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы №25 мектептің 6 «а» сынып оқушысы