Мәди біздің тәртіпті,
Өз ісіне ұқыпты.
Ата-анасын тыңдайды,
Үлкендерді сыйлайды.
Мінез-құлқы сыпайы,
Әдептен бір аспайды.
Қол үшін ол беруден
Ешқашан да қашпайды.
Көлікте үлкен кісімен
Ұшып тұрып әрдайым
Ізетпен сәлемдеседі
Және орын береді.
Келе салып сабақтан
Кей балалар сияқты,
Теледидар алдында
Көп отырып алмайды.
Таңертең ол төсекте
Көп уақыт жатпайды.
Әдетімен күндегі
Жаттығуын жасайды.
Жасынан-ақ әрқашан
Анасына қолқанат.
Еденді де жуады,
Гүлге суды құяды.
Мәди біздің елгезек,
Ешбір тыным таппайды.
Мәдиден үлгі алыңдар
Деп үлкендер мақтайды.
Қарлығаш Айымбекова