2016 тамыз Балалар бақшасы

Дүниетану
Табиғатты білмесең,
Сүйе алмайсың әлемді.
Дүние тануды оқысаң,
Дүние жүзін шарлайсың.
Алматы қаласы, №156 мектебінің 2 «в» сынып оқушысы Еркіндәулет Жасмин
 
Мектеп біздің үйіміз
Балалар мектепке білім алу үшін келеді. "Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың" - деп қазақ бекер айтпаған. Мектепкте оқушылар мектеп ережесін сақтау керек.
Алтын ұя мектебім
Білім алам мен сенен.
Үйретесің білімді
Үйренемін ғылымды.
Құрманғазы Таңатар Т. Кенжебаев атындағы орта мектептің 2 "а" сынып оқушысы
 
Ана            
Жетпейді жинасамда бар асылды,
Дәл өзіңдей көрмеппін жанашырды.
Ұл- қызына қашанда қамқор болған,
Бір Аллаһ сақтай көрші анашымды.
Гүлбану 7 жас Жақсы қаласы
 
Анашым
Анам менің жан анам,
Менің асыл анашым.
Ауырмаңыз ешқашан,
Сөзіңізден нәр алам.
Менің асыл анашым,
Сіздей ана жоқ елде.
Менің аяулы анашым,
Анашым менің ардағым.
Нуртаза Малика 8 жас Жезқазған қаласы
 
Отан
Отан – менің асқар тауым
Отан – менің ашық күнім.
Отан – менің бақша-бауым
Отан – менің ай-түнім.

Туған жер, Отан ана
Құдіреті күшімнің тек сен ғана.
Саған бәрі сыйынар, ана, бала
Бақыт деген күн сайын жаңа-жаңа.
Алимбаева Асемай 11 жас Талғар ауданы  Жалқамыс ауылы

Астана
Астанам менің Астанам,
Күндей жарқын жас қалам,
Шуағыңды шаш әлемге,
Қызықсын саған бар ғалам.

Ғаламның сұлу Астанасы,
Даламның кербез жас қаласы,
Еліміздің мақтанышы,
Астанам менің Астанам.
Авил Толқын 14 жас Қарағанды қаласы

Елбасы

Арнаймын бұл өлеңді елбасына
Дені сау аман жүрсін әрқашанда
Жаратқан қабыл алып тілегімді
Жүз жасап жүре берсін арамызда
Ғани Әсия 9 жас Ақтөбе қаласы
 
Ана туралы өлең
Ана – ана, анасың
Ақ сүт берген данасың
Әрқашанда балаға
Ана болып қаласың
Абілсапар Арайлым 9 жас Сарыағаш қаласы

Әлемді гүлі – ана!
Ана деген – өмірдің гүлін сыйлаған, тіршілік иесін оятқан жан. Ана қайталанбас өмірдегі тұлға. Ана, бала десе түн ұйқысын төрт бөліп оянатын жан. Анаға айтар мадақтау да, марапатта жеткіліксіз, өйткені ана -әлемді тербетуші. Сондықтанда мен әлемдегі аналарға өлең сөзімен жеткізгім келеді.
   Ана деген-жүрегімен әлемді тербеткен,
   Ана деген-тіршілік, дүниені оятқан 
   Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен
   Сен туған елде бау бақша бар ме екен
   Ана, ана, аналар
   Аман жүріңдер әрқашан!
Асанова Аружан 5 жас ШҚО, Өскемен қаласы
 
Дәрігер 
Мен өскенше
Көп оқыймын, жазамын.
Бар арманым - 
Елді емдеу өскенде.
Онда әзірше
Ауырмасын еш пенде,
Дәрігер болып аламын,
Бәрін қарап жазамын.
Газетова Нұрсезім 10 жас Ақтөбе қаласы
 
Алтын сақа
Әдет-ғұрыпында отбасында ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» -деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы шаңырықтын иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талапта жоғары болған. Осы ер балалардың өңерлерін, салт-дәстүрімізді, білімдерін, шеберліктерін даріптеу мақсатында аудандық орталық балалар кітапханасы 5 жасар ер балалар арасында «Алтын сақа » сайсын өткізді.
Сайысқа ауданымыздың  3 балабақшасы мен  ауылдық округтардын бүлдіршіндері қатысты. Сайыс 6 бөлімнен тұратын сайыста бүлдіршіндер өздерінің алғырлығын, жылдасдығын, білектілігін, мергендігін көрсетіп, сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға ие болған Мұхамбетқалиев Нұрдаулет Рауанұлы иеленсе, 2-орынды Кенжалы Ернар Айболұлы, 3-орынды Тортайев Ержан Қожамұратұлы  иеленді. Сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар беріліп, марапатталды. Осындай салт –дәстүрді дәріптейтін іс-шаралар көп болсын.
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мусабаева