Құрметті балалар, велосипедпен жолға шығудан алдын өз-өздеріңе сұрақ қойыңдар: Мен велосипедті жақсы айдай аламын ба? Бұл велосипед маған ыңғайлы ма? Жол ережелерін, белгілерін білемін бе?
Велосипед айдаған кезде мыналарды ұмытпаңдар: Велосипедтің тежегіштерін тексеріңдер! Айдаған кезде өте жоғары жылдамдықпен айдамаңдар! Алдарыңдағы көліктерге тым жақындамай, арақашықтықты сақтаңдар! Велосипедтеріңде тежегіш шамдары мен фаралары болмаса түнде айдамаңдар!
ҰМЫТПАҢДАР: Велосипедпен қауіпті көріністер жасамаңдар! Әрқашан жолдың оң жағымен жүріңдер! Велосипедті оңға-солға бұрып, керексіз әрекеттер жасамаңдар! Велосипедке бір адамнан артық мінбеуі керек, велосипедтің бір адамға арналған көлік екендігін ұмытпаңдар. Велосипед айдап келе жатқанда алда кетіп баражатқан көліктің артына асылмаңдар. Оңға немесе солға бұрылудан алдын қолмен көрсетіп белгі беріңдер. Кейін алдан және арттан келе жатқан көліктерге мұқият болыңдар. Велосипедті бір қолмен айдамаңдар. Ойнаған кезде жолдың бойында ойнамаңдар, жолдар ойын ойнайтын алаң емес. Жолдың бойында доп ойнау, жүгіру және велосипедті ұқыпсыз түрде айдау қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Ойнаған кезде ойын алаңдар, парк немесе спорт алаңдарында ойнаңдар.