2016 шілде Балалар бақшасы

Әжем
Әжем менің әдемі,
Әжем менің ақылды.
Сабыр сақтап әр кезде,
Ақыл қосқан жан әжем.

Көктем
Ағашқа да жан бітті,
Тірлік қыза бастады.
Көктем келіп жан жаққа,
Нұрын шашты алтын күн.
Көктем қандай тамаша,
Жұрттың бәрі жаңаша.
Үлкен жасы кәріде.
Қуанып жүр балаша.
Аликул Медина 3 г сынып оқушысы 156 ЖББМ
 
Ауылым менің
Табиғаты бар әсем,
Ауылыма не жетсін.
Ауасы таза әдемі,
Ауылыма не жетсін.
Ән салады құстарда,
Әдемі-әсем, көрікті.
Көріңіздер ауылды,
Мынау менің ауылым.
Тоқтар Амина №102 мектебінің 3 "ә" сынып оқушысы Алматы қаласы

Менің әжем осындай
Құшағында өстім мен,
Жақсы көрем әжемді.
Ұқсамайды ешкімге,
Ғажап адам өзі енді.
Еркелетер әппағым деп,
Менің әжем осындай.
Ақыл айтар томпағым деп,
Менің әжем осындай.
Мен әжем мен анамды,
Жақсы көрем анамды және әжемді.
Анап мәпелейді,
Әжем еркелетеді.
Балтабекова А. №102 мектебінің 3 "ә" сынып оқушысы Алматы қаласы
           
Туған жер
            Сыр елім, жыр елім.
            Шырайлы шиелім.
            Менің туған жерім Қызылорда облысы, Шиелі ауданы. Менің балалық шағым сол туған жерімде өтті. Ауылда көкем бар. Ол өте жақсы, еңбекқор жан. Еңбек етуді көкемнен үйренуге болады. Менде көмектесемін. Сонда көкем мені, "қалада өссе де, ауылдың баласындай маған көмек береді" - деп мақтайды. Мен көкеме ештеме деп айтпаймын, ал ішімнен Шиелі менің кіндік қаным тамған жерім емес пе деймін.
            Шиелім менің,
            Не бір асыл.
            Бабалардың мекені,
            Болған жерім менің
            Туған жерім Шиелі.
Алматы қаласы, №156 мектебінің 2 «в» сынып оқушысы. Нұрғали Ыбырайым

Туған жер
Туған жерім Қармақшым, әрқашан ол жүректе,
Өзіңді сағынғаннан қоямын соңғы нүкте.
Ыстық маған есілдей соққан кешкі самалың,
Өлең жазам басқа барма амалым.
Ақкөл Диана №102 мектебінің 3 "ә" сынып оқушысы Алматы қаласы
 
Қанатың талмасын!
Әр адамның бойында өзіне ғана тән ерекше қасиеттері болады. Осы қасиеттерді біз «дарын» деп атаймыз. Бала бойындағы дарындылық үнемі даму мен қолдауды қажет етеді. Оны мен өз сыныптасымның өмірінен көре білдім. Мен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 5 «Г» сынып оқушысымын. Сыныбымда Камила есімді биші қыз бар. Ол сабақтан бос уақытында бимен айналысады. Қаладағы «Триумф» би үйірмесінің шәкірті. Камила бізді 1 мамыр күні Астана қаласында өткен республикалық «Салем, Астана» би фестиваліне қатысып, «Гран при» иегері атанып қуантты. Осы жеңісімен Камиланы және оның би ұжымын, ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Қазақтың би өнерін әлемге танытар дарынды, дара тұлға болып өсе бер! Біз сенімен мақтанамыз! Білім мен өнердің жолында биік белестерді бағындыратыныңа сенеміз! Қанатың талмай, самғай бер!
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5 «Г» сынып оқушысы Малдыбаева Дильназ
 
Қазақ тілі сабағы
Дыбыс, әріп, сөз, сөйлемді,
Сөз табы мен шылауды,
Білсінші деп жас ұлан.
Қазақ тілі сабағын,
Ұсыныпты ағалар.
Алматы қаласы, №156 мектебінің 2 «в» сынып оқушысы Еркіндәулет Жасмин
 
Аяулы анашым
Асыл анам – жан анам
Мұңаймашы, жыламашы ешқашан.
Көңіліңе мұң, жанарыңа жас толса, 
Бұл өмірде қалай жүреді жан балаң.
Оңталап Гүлфариза 10 жас Қызылорда қаласы
 
Балалар әлеміне арнау
Балалар әлемі журналы бар,
Ішінде қызық талай мағлұматтар.
Әңгіме де, әзіл де бәрі осында,
Орындалсын сіздердегі бар армандар.
Пернебай Әсел 10 жас Шымкент қаласы

Астана
Астана, Астана!
Әлемдегі жас қала!
Елбасы тұратын 
Ақ Орда – Астана.
Білдаш 13 жас Түркістан қаласы Сауран ауылы
 
Қазақстаным
Отаным менің Қазақстаным,
Өзіңмен өтер әр сәтім.
Сенде туылып, сенде өстім
Гулдей жайна Қазақстаным!
Инаятуллаева Гулноза 11 жас Кентау қаласы

Сауран
Менің ауылым Сауран деп аталады. Ол көне қала. Сауран үшін өзбек хандығы мен қазақ хандығының арасында қанды шайқастар болған. Сауран ХІ ғасырда Ақ Орданың құрамына толықтай кірді. Тіпті Ақ Орданың астанасы болған. Сауранда Ақ орданың билеушісі Сасы-Бұқа жерленген. Сасы-Бұқаның баласы Ерзен Сауранда мешіт, медресе салдырған.
Білдаш 13 жас Түркістан қаласы Сауран ауылы
 
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы Т. Кенжебаев атындағы орта мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу" 1 "б" сыныбында барлығы 23 оқушы бар. Оқушыларым шетінен өнерлі, талантты балалар Шеберлік үйретумен, үйренумен өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірбиемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
Сынып жетекшісі: Сералиева Гульмира Акимкожаевна
 
Алтын ұя мектебім.
Біздің мектеп әдемі және көрікті. Біздің мектепте білімді ұстаздар өте көп. Білімді, дарынды оқушылар да жетерлік.Мектебіміздің алаңы кең. Мектептің іші таза, қыста жылы, жазда кең. Қыста дене сабағын алаңсыз спорт залда өткізе аламыз.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ыбырай Алтынсарин
Дүйсен Дина 2 "а" сынып оқушысы