2016 маусым Балалар бақшасы

Нұр Отан, Нұр атам
Алға, алға Нұр Отан!
Бастаушысы Нұр атам,
Болашаққа барар жолды 
Нұсқап берген бұл атам.
Атына заты сай
Нұр болып төгілген халыққа,
Елбасы қылып сайлайық,
Нұр атамды қолдайық.
Үлгі аламыз біз одан,
Елбасыға лайық адам.
Болашаққа бастап бізді, 
Алға, алға Нұр атам!
Алимбаева Асемай 11 жас Алматы облысы Талғар ауданы Жалқамыс ауылы

Қызықты кездесу
Дүниеде ақын деген танымалдан
Шабыты үлкен кең дархан ойы аскан
Жер үшин, қан төгілсе батырлардан
Бар өнер келіп жатыр ақындардан
Муқағали атамыз, бар ақынның дарасы
Ақын аты бар емеспе, ол атаның шамасы!!!
Елі үшін шығарады ол өлең
Ақындардың жоқ екен оған таласы
Дарынды Муқағали басқалардан
Үлгі етіп өсеміз біз олардан
Өлеңін, атамыз Муқағали
толкындатып көк теңізге арнаған
Рамаш Дильназ 9 жас Қызылорда қаласы, Арал ауданы
 
Жазғы демалыс
Каникулым келді міне-
Асыр салып ойнайтын.
Балалар жүр қуанып,
Ойынға бір тоймайтын.
Ғани Әсем 10 жас Актөбе қаласы, Ақжар ауылы

Бақ
Жеміс шырын тағы бар,
Күтетін баптап бағы бар 
Жайқалған желек,сая бақ 
Қамқоры болып аялап? 
Қолыңнан өзің бірер тал.
Аманжол Аружан 10 жас Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

Құстар – қанатты достар
Құстарым - достарым,
Пайдасын тигізер
Ауланың сәні боп
Ажарын кіргізер

Еңбекқор құс қарлығаш,
Жамандыққа жаны қас.
Туған жерге оралып
Ұяңа кел, ұрпақ шаш.
Акимова Гулшат 25 жас Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы

Ана – өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі. Ана төрт ұйқысын төрт бөліп, баласын әлпештеп, аялап өсірген адам. Ана – нәзік, аяулы адам. Ананы барлығы құрмет тұтады. Ана нәрестені жарық дүниеге әкелген күннен бастап, құрметке лайыкты адам болады.
Ана балаға өте қымбат жан. Себебi ана баланы өсіріп тамағы тоқ, көйлегi көк болуына тырысады. Анаға қарызыңды өмір бойы өтей алмайсың. Ана сені басқалардан кем болмауыңа тырысты. Бала анасының ақ сүтін ақтауы керек Қазақта “Ана сүтін ақтамаганды ешкім мақтамайды” - деп бекер айтпаған. Бала анасының ақ сүтін ақтамагандықтан, мақтауға, құрметке лайықты адам болмайды. Осы шығармамды бір шумақ өлеңмен аяқтагым келеді:
    Бақытты бол, анашым,
    Өзің маған панасын.
    Ардақтаймын өзіңді, 
    Сүйем сені анашым.
Мағауия Аружан 10 жас Павлодар қаласы

Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса,ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Нұрдана 8 жас
Атырау облысы

Жаз
Жаз келді алақай,
Күнде ыстық балақай.
Ойын ойнап жүреміз,
Қызығына батқандай.
Ақбөбек 10 жас Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық кенті

Семейім
Туған қалам Семейім,
Семейімді сүйемін.
Бір өзінді әрқашан,
Мақтан етіп жүремін.
Майжанова Дина 9 жас Семей қаласы

Отбасым
Ақ сүт берген анашым,
Еркелеткен әкешім.
Асыраған әжетай,
Атам менің Келдібай.
Нағашы атам Әбентай.
Келдібай Гүлбану 7 жас Жақсы қаласы

Aна
Табиғат, жаhaн дал осы
Анадан шыккан, карашы.
Анасыз адам болмайды.
Бәрі де ана баласы.
Сүйенген таяк кәрі де,
Кейуана келген сәніне
Анадан туып, картайған,
Ананың төлі бәрі де.
Аружан 10 жас Қызылорда қаласы