Ана
Ана – біздің панамыз. Ана балалары үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Балаға ең жылы ұя – ол ананың алақаны. Анамыз бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді. Мен анамды өте қатты жақсы көремін.
Жанель 5 жас Павлодар қаласы
Көктем
Наурызымда құстар сайрап ән салған,
Ұшып қонып көбелектер жүр бауда.
Табиғаттың құдіреті күшті ғой,
Ұлыстың ұлы күні тойымызда.
Жіберген: Байкенова Айнагүл 11 жас Қостанай қаласы
Әңгіме
Алақай көктем келді. Көктем мезгілін қатты ұнатамын. Қырдағы бәйшешектер гүл атқанда жер ана құлпыра түседі. Жыл құстары сағына атамекеніне оралады. Қазақ халқының ұлы тойы Наурыз мерекесі де осы көктемде тойланады. Қысқы ұйқыда жатқан барша тіршілік иелері оянады. Осындай айналадағы әсем көріністі сөзбен өрнектеп жеткізу мүмкін емес.Бәрі әсем ғажайып сиқыр сияқты.
Жіберген: Иппергенова Ақбота 9 жас
МЕРЕКЕ
Балалар аналарыңды сыйлаңдар
Аналарыңсыз күндерді ойлаңдар
Аналарыңның қадірін біліп
Мерекесімен құттықтаңдар
Жіберген: Арайлым 12 жас Кентау қаласы
Ұстазыма
Үйреткен ең алғаш әліппені,
Жаттатқызды таңғажайып әріптерді.
Осылайша ұстазымыз біздерге,
Өмірдің шуағындай жарық берді.
Жетпісов Нұрхан 8 жас Жезқазған қаласы
Наурыз мерекесі
Қыздардың да мерекесі келіпті,
Сонша қымбат болмаса да гүл тіпті.
Шаттық, бақыт сыйлайықшы қанекей,
Аналарға, апаларға мінекей.
Ана
Ах ана қандай әсем жан едің,
Мен сенің ақ сүйікті балаң едім.
Аяулы ардақты менің анашым
Мен сені бар өмірде Бақытты адам етемін!
Алина Байғазина 9 жас Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылы
Анам
Балалар-ау, балалар,
Айтқан тілді ұғыңдар.
Анаң сенің қамқоршың,
Көмектесіп бағыңдар.
Жіберген: Ахмет Жандос 8 жас Павлодар қаласы
Көктем
Көктем келді адамдар
тойлатып жылды қарсы алыңдар
бір-біріне шаттық тілеп әрқашан
жүре берсін қуанышты балақан.
Жіберген: Хасанова Венера 6 жас Сарқан ауданы Қойлық ауылы
Наурыз
Күн мен түн теңесіп
Наурыз келді ағайын!
Шаттанайық ойнайық,
Ән салайық жырлайық,
Әз-Наурыз мейрамда
Алты бақан тебеді.
Қымыз, шұбат ішеді.
Бөьектері би билеп,
Ұлттық киім киеді.
Темірбек Нұрай 10 жас Қызылорда қаласы
Жаңа жылым – наурыз
Құтты болсын наурыз,
Шуақты боп ортамыз.
Мерекеге қатысты
Барлық бала, барлық қыз.
Дәстүрлері салтымның,
Берекесі халқымның.
Тұсау кесу, бесік той
Мерекесі жалпының.
Тілге шешен Жиренше,
Тапқыр ойшыл Алдар да
Сараң бай да Шықбермес
Жырлап өтті бұл тойда.
Наурыз ата құт тілеп
Әжелер құйды көжесін
Қонақ кәде көрсетіп,
Ата-аналар жүр бірлесіп.
Ұлттық бұйым кереге
Шаңырақ тұр төбеде,
Киіз үйдің құрылысын
Ұғып алдым санамда.
Қазағымның дәстүрі
Жойылмасын ешқашан.
Жаңа жылым – Наурызда
Қыдыр ата құт келсін!
Қуанышқали Илияс 1 «ә» сынып оқушысы ЖББ №4 орта мектебі Ақсай қаласы
Көктем
Жылылықты сағынып, құстар келді,
Қыстың сызы көктемде біраз селді.
Асқар таудан су сарқырады,
Күннің нұры жерге түсіп жарқырады.
Күн күркіреп, жаңбыр жауды көк аспаннан
Бәйшешек пен жауқазын раушаныңда,
Қар астынан сығалап жерден енді.
Қуанайық балалар, көктем келді!
Жіберген: Жолдасқалиев Азамат 9 жас Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл селосы
Мектеп
Мектебім, менің мектебім,
Білім берген мектебім.
Жақсылыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен,
Тәлім берген мектебім.
Ахметова Аяжан ЖББ №102 орта мектебі 3 ә сынып оқушысы
Ана
Мерекеңмен жан ана,
Даламның гүлі сен ғана,
Бақытты бол анашым,
Байлығым сен панашым.
Ақ сүт берген әлдилеп,
Өсірдің сен мәпелеп.
Жіберген: Аружан 10 жас Орал қаласы
Ініме
Меңің інім бұзық,
Тілі оның қызық.
Былдыр-былдыр сөйлейді,
Айтқаныма көнбейді.
Атын қойдым Аңсар,
Жолы мөлдір кәусар.
Тілеймін оған денсаулық,
Ұзақ өмір, мол байлық!
Камил Рабиа ЖББ №156 орта мектебі 3»в» (Інісі Аңсар)
Нағашы әжем
Менің ата-әжем мен кішкентай кезімде өмірден өткен. Сондақтан олар туралы
ештеңе есімде қалмады. Олай дейтінім, мен ата-әжесі бар балаларға қатты қызыға қараймын. Үйде әжең болған жақсы екен. Біздің үйге нағашы әжем келгенде сондай бақытты сезімде болдым. Ол алыс ауылда турады, аяғы ауырып жүре алмай қалған еді. Анам ести сала ұшақпен алып келді. Дәрігерлердің арқасында нағашы әжем таяққа суйеніп жүре бастады. Мен оған бауыр басып кеттім. Мені сабаққа шығарып салады, аулада күтіп отырады. Кешке мен сабақтан келгесін шай ішеміз. Әжем көрген-білген әңгімелерін айтып отырады. Әжем емделіп болған соң, ауылға кетті. Менің көңілім құлазып қалды. Қазір тек қалта телефоны арқылы хабарласып турамын.
Ахметова Аяжан ЖББ №102 орта мектебі 3 ә сынып оқушысы