Ауаның салмағы бар ма?

     ауаЖұмыстың мақсаты: Ауаның белгілі бір орын алатынын және салмағын тәжірибемен бақылау.   
     Теориялық мәлімет:
   Газдарда сұйық және қатты дене секілді белгілі бір орын алады. Заттардың алатын орнын көлем деп атайды. Газдардың көлемі сыртындағы материалдың формасына байланысты. Материалдың ішіндегі заттың мөлшеріне тығыздығы деп айтылады. Денеге әсер ететін жердің тартылыс күшіне ауырлық күші делінеді.  
      Қажетті құрал-жабдықтар:
1.  Бірдей екі шар
2.  Бірдей 10 см-лік екі жіп
3.  Гидростатикалық таразы және өте кіші көлемдегі (мг-дық) гір тастары
      Зерттеу әдістемесі:
1.  Таразыны тепе-тең қалыпқа келтіріңіз.
2.  Бір шарды үрлеп, оны жіппен байлап, таразының бір басына асыңыз.
3. Үрленбеген шарды және жіпті таразының екінші басына  қойыңыз.
4.  Таразының екі басын салыстырыңыз.
     Қорытынды:
  Үрленген шармен екінші шардың арасындағы айырмашылық шардың ішіне толтырылған ауаның салмағына байланысты. Олай болса, шардың ішіне үрленген ауаның көлемі артқан сайын салмағы да арта түспек.