«Ұялы телефондар қаншалықты зиянды?», «Қандай нәрселерге аса мән беру керек?», «Қандай шаралар қолдану керек?», «Болашақта бізді қандай қауіп-қатер күтіп тұр?» деген өзекті сұрақтарға профессор Осман Мүфтиұлы ашықтама жасады. Ұялы телефондардың денсаулыққа өте зиянды екенін және оның ғылыми тұрғыдан да дәлелденгенін білдірген профессор Осман Муфтиұлы айрықша балаларға екі есе көп зиян келтіретінін атап өтті. Професор сөзін былай жалғастырды: «Менің көзқарасым бойынша, ұялы телефондарға жақын арада темекі сияқты тыйым салынады. Ұялы телефондарды қолдану осылай жалғаса берсе, оған тыйым салыну мүмкін. Ұялы телефондардың миға тарататын энергиясы дене рагының кездесу жиілігін арттыруы мүмкін. Мұның зияндары бірден білінбеуі мүмкін, темекі сияқты кейін ортаға шығады. Ұялы телефон өндірушілері аз радияция тарататын телефон өндіруі керек және ұялы телефондарның сыртына темекі сияқты “денсаулыққа зиян” деген ескертулер жасауы керек. Ал құлаққап қолдану ұялы телефонның денсаулыққа тигізетін зиянын екі есе азайтады. Мүмкіндік болғанша, ұялы телефонмен сөйлескенде құлаққап қолданған жөн.