Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Адамның денесіндегі бір жасушаның ядросында сол кісіге тән болған барлық ерекшеліктер кездеседі. Оның отыруы, күлуі, қасы, көзі, түсі, дене бітімінің атқаратын қызметтері және т.б. Барлығы кодтаулы жүйе ретінде сол ядроның ішінде орналасқан. Бір ядроның ішіндегі осыншалықты мәліметтерді жазбаша халге келтіру мүмкін болғанда бір миллион энциклопедия беттеріне сыймас еді. Осыншама көптеген мәліметтер мен шифрларды санау мүмкін емес сияқты. Бір адамның денесіндегі кодтаулы жүйелерді компьютер жүйесіне енгізу мүмкін болғанда, 200м²-тық алаңға салынатын ғимараттың әр қабатына компьютер жүйелері орнатылып, ғимараттың биіктігі айға дейін жетуі керек болар еді.