Бір күні бір жас жігіт Расулуллаһтың (салаллаһу алейһи уә сәлләм) алдына батылдықпен келіп:
– Йа Расулаллаһ! Зина етуіме рұқсат беріңіз! - деді. Мұны естіген сахабалар таң қалды. Расулуллаһ әлгі жас жігітке: «Қасыма жақындап отыр!» - деді. Әлгі жігіт пайғамбарымызға жақындап жанына отырады. Расулуллаһ алейһиссалам жігітке қарап:
– Басқалардың сенің анаңмен зина жасауына разы боласың ба?- деп сұрады.
– Жоқ, Йа Расулаллаһ!
Сен қаламағаның сияқты мұны ешкім де қаламайды. Қызыңмен басқалардың зина жасауына разы боласың ба?
– Жоқ, разы болмаймын!
– Басқалардың сенің қарындасыңмен зина жасауына разы болар ма едің?
– Жоқ, Йа Расулаллаһ!
Бұдан кейін көкесінің, әпкесінің және басқа да туысқандарының қыздары үшін де осы сияқты жеке-жеке сұрады. Әлгі жігіт барлығына «Жоқ Йа Расулаллаһ! Басқалардың олармен зина етуіне разы болмаймын.» - деп жауап берді. Сөйтіп, Расулуллаһ қасиетті қолын жігіттің көкірегіне қойды да:
«Аллаһым, мұның күнәларын кешіре гөр! Жүрегін тазала және зинадан қорға!»- деп дұға етті.
Бұдан кейін ол жігіт харамға мүлдем жақындамады.