Бір кісі Сүлейман алейһиссаламға келіп, қаздарының ұрланғанын және оны көршілерінің біреуі істегенін айтып шағымданады. Сүлейман алейһиссалам дереу халықты мешітке жинап, былай дейді:
– Іштеріңнен біреуің көршілеріңнің қаздарын ұрладыңдар, әрі ұрлаған қаздарының қауырсыны басында бола тұра ұялмастан мешітке келіпсіңдер,- дегенде сол жерде болғандардың біреуі қолымен басын сипай бастайды. Оның бұл халін көрген Сүлейман алейһиссалам былай дейді:
– Ұстаңдар, міне, ұры осы!