Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Әлемге шуақ, жылу беріп тұрған ол – ана. Ақындар да, батырлар да анадан туған. Ақындар ана туралы жыр жинақтарын төгіп жатыр. Ананың көзінен нұры шашырап, ал жаны мейірімділікке тұнып тұр.
Төреғали Аида 10 жас
Ақтөбе облысы
Жан әкемсің
Асқар таудай әкешім мықты сондай,
Еркелеткен жылатпай қызын солай.
Сенің қаның мына менің тамырымда,
Тамырда емес үнемі жүрегімде.
Жүрегім лаулайды сені ойлап,
Алысқа кетсең сағынып, сені уайымдап.
Кешке келем дегенің әлі есімде
Күтемін есікке қарай әрі-бері.
Есімде әлі де жақсы істерің,
Қарауға уақытың жоқ түсінемін.
Сонда да сен мен үшін жүректегі,
Арқа сүйер жанымсың өмірдегі.
Құдайбергенова Ақниет 12 жас
Қостанай облысы
Рудный қаласы