Өтірік өлең
Піл келді құмырсқаға
- Апар мені жұмысқа!
Мұны естіген құмырсқа
Жылап отыр бұрышта.
Жаңа жыл
Жаңа жыл қандай тамаша,
Қариялар балаша,
Қуанады шаттанып,
Төрт жастағы балаша.
Әсем 11 жас
Талап ауылы
Қыс
Қазір қыс мезгілінің екінші айы. Аспаннан түсіп жатқан қар алғашқыдай ұсақ емес. Қиыршық қар жиіледі. Ағаш бұтақтарын аппақ қар басқан. Ағаш бұтақтары бір біріне айқасып адемі өрнек жасағандай көрініс табады. Кейде даланы тұман басып тұрады. Қыс мезгілінде терезеге аяз сурет салады. Жердің бәрін аппақ қар басады. Қыста балалар аққала жасайды және қар атысып ойнайды.
Жармұхамбет орта мектебі
3 "А" сынып оқушысы
Сәметбек Нұржол
Қыс көрінісі
Қыс көрінісі өте тамаша! Айналаның барлығы ақ көрпе жамылғандай болып көрінеді. Қар жапалақтары жұлдызға ұқсас, ұзын кірпікті болып көрінеді. Ақтүтек боран жиі соғып тұрады. Кейде ызғырық жел де соғып тұрады. Аспандағы айдың жарығымен жер бетіндегі қар жалт-жұлт етеді. Қар қалың болған кезде топ- топ бала аққала соғуға шығады. Аққала соғып бітір- ген соң күлкілері меруерт, шаттықтарында шек жоқ болады. Осындай керемет, ерекше көріністерімен қыс мезгілі маған ұнайды.
Жармұхамбет орта мектебі
3«а» сынып оқушысы
Дүйсенбай Гүлсезім