Бізде оқитын Алшабек

/upd/2018/0106/15151806935a4fd2953e1bb1.46123465.png

Бізде оқитын Алшабек
Есеп жаққа осал тек
Сұрады апай қанша екен,
Үшке екіні қосса деп.
Есеп білмес Алшабек
Осы арада ұтылды.
Аузын ашпай бұртиып,
Төмен қарап құтылды.
Сұрады апай тағы да,
Бес құрт менде болса тек,
Бөліп берсем екіге
Қанша құрттан болар деп.
Жымың қаққан Алшабек
Апайды өзі тұқыртты.
Сонда апай кім алады
Артық қалған құртты?- деп.

Өтегенова Жамалхан