Қыс. Жаңа жыл. Қыс қызығы

/upd/2018/0105/15151725135a4fb2a1f24e38.25115062.gif

Қыс көңілді, керемет,
Коньки теуіп ойнаймыз.
Аққаланы жасаймыз,
Қыста қызық жұмыс бар.
Қыста бала көңілді,
Бірақ суық тиеді.
Шыршаны бірге құрамыз,
Аяз ата келеді.

Назерке Бақытбек
№ 123 мектеп-гимназия, 3 «Г» сынып оқушысы, Алматы қаласы

Жаңа жыл 
Жаңа жыл тамаша
Қуанамыз балаша 
Жаңа жыл әніміз 
Жаңа жыл сәніміз

Нұрлыбаева Нурила 9 жас

Қыс қызығы
Аппақ дала кілемдей
Мамық қарын сағынған
Балалар жүр көшеде
Таза қарды сағынған
Аққаласын соғады
Мұрын қып сәбіз қояды
Қар атысып ойнайтын
Бұзықтарда болады

Жолдасова Светлана 10 жас
Жаңаөзен қаласы