Ақ әже. Абай атаға

/upd/2018/0105/15151724485a4fb260b1e129.97916728.jpg

Ақ жаулықты ақ әжем
Бетімнен қақпаған дана әжем
Ірімшік құртын сақтаған
Аяулыда ақ әжем
Даналықты үйреткен
Дана ғой менің ақ әжем
Жақсылықты үйретіп 
Жамандықтан жиреткен 
Жақсы ғой менің ақ әжем
Егер қателік жіберсем 
Кешірмейтін ақ әжем
Біздерге шаң жуытпайтын
Ақ әжем менің Ақ әжем!

Әбдіхалықов Бақберген 11 жас
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ауылы

Абай атаға
Ақын ата, ақыл ата данышпан, 
Ұлы Абай атамыз.
Өлеңдерін,ақыл сөзін әрқашан,
Оқып,жаттап айтамыз.

Жыр жазамын,ұқсап сізге,
Еңбектенем,ерінбеймін.
Адалдықпен дос боп бірге,
Білімді боп өсемін!

Жіберген: Санием Исламбекова 7 жас
Қарағанды, Шахтинск