Кариманың болашағы

/upd/2018/0105/15151705175a4faad5929b51.09231935.png

Егінбай Карима Қайратқызы - 2004 жылы  қазанның  7-і күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Жастайынан өлең шығаруды өзінің сүйікті кәсібіне айналдырған Карима 3-сыныптан бастап өлең шығарумен машықтанып жүр.  Жуырда мектебімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  «Жыр мүшәйрасы» өткен болатын. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп халық даналығында айтқандай  мектебіміздің 5-сынып оқушысы Егінбай Карима  жүрек жарды туындысымен  көпшіліктен дараланды. Кариманың өлең шығаруға деген құлшынысы жоғары, бойында  таудай талабы бар дарынды оқушы. Биылғы оқу жылынан бастап, мектептегі «Қаламгер» үйірмесінің мүшесі. Алға қойған мақсаттары да биік, болашақта аудандық оқуларға қатысып, өзін одан әрі шыңдамақ ойы бар. Мектепте өтетін жыр мүшәйрасы мен шығармалар сайысынан  қол үзіп көрген емес, үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Ойы ұшқыр, сөзі сырлы өлеңдер шығарып, жырларын жинақтап жүр. Аудандық, облыстық басылымдарда да өлеңдері жарияланып жүр.  Кариманың  болашағынан көп үміт күтуге болады. 

Жетекшісі: Махатова Ырысты Жақсыбайқызы