Біздін арман бір екен

/upd/2018/0105/15151704445a4faa8cafc1b0.73044450.jpg

Сәлеметсіздерме Балалар Әлемі Ұжымы!  
Анамның сүтімен, әкемнің қанымен дарыған ана тілінде жазылған «Балалар әлемі»  журналы менің өмірімнің серігі. Мектепте тапсырмалар бергенде, інім ертегі сұраса, «Балалар әлем» журналы менің көмекшім. Міне бүгін қолыма қалам алып, сіздерге өзім жазған шығармамды жіберіп отырмын.

Біздін арман бір екен
Біз ініміз екеуміз қиялдағанды жақсы көреміз. Інімнің аты Алмас. Қиялымыз жыл сайын ауыса береді. Тек қана бір арманымыз өзгермейді. Сол арманымызды теледидардан көргенде, журналдардан оқығанда, сонымен қатар жазғы демалысқа шыққанда сонда жүргендей көз алдымызға елестетеміз. Бұл арманымыз – Диснейленд паркіне бару. Диснейленд паркі – әлемдегі ең үлкен ойын саүық паркі. Ең керемет әткеншектер, мультфильмдегі кейіпкерлер, түрлі-түрлі ойындар, ертегі сарайлары тағы да басқа қызықтар көп. Диснейленд Лондонда, Парижде, Токиода, АҚШ-та орналасқан. Әр елдің Дейснейленд паркі әр түрлі жасалған. Диснейленд паркіне бару тек қана біздің арманымыз ғана емес, көптеген баланың арманы. Біз сол арманымызға басында көк байрағымыз желбіреп, елтаңбамыз бен қыранның канаты бар, ұшатын үймен барғымыз келеді. Бұл ғажап емес пе? Барған жерлерімізге Қазақ елін таныстыратын едік. Біз шетел адамдарына қандай қонақжай екендігімізді көрсетіп, әкем домбыра тартып, анам бауырсақ пісіріп, қазақтың дәстүрімен таныстыратын едік. Мүмкін шетел адамдары асырап алған қазақ балалары біздерді көріп, қуанып қалар ма еді? Міне біздің арманымыз осындай! Тәй-тәй басып келе жатырған Астанамызға Диснейленд паркі салынса, деп ініміз екеуміз көп армандаймыз.

Хайруллина Назерке 
Атырау қаласы, №16 лицей мектебі, 4 "ә" сыныбы