Ондық. Қазақстаныма қуанам. Табиғат

/upd/2018/0105/15151703755a4faa47d604f1.20101369.jpg

Бір дегенім – бірлік,
Екі дегенім – ерлік,
Үш дегенім – үндеу,
Төрт дегенім – теңдік,
Бес дегенім – билік,
Алты дегенім – Алаш,
Жеті дегенім – жерім,
Сегіз дегенім – сенім,
Тоғыз дегенім – тегім,
Он дегенім – Отан,
Сол Отанда өскен
Мен бір сенің ботаң!

Өтегенова Жамалхан

Қазақстаныма қуанам
Шымкентім – шырайлы,
Атырауым – мұнайлы.
Алматыдай – астанам,
Әрі мәңгі бас қалам,
Ал Астана – жас қалам,
Қазақстаныма қуанам!

Жарылқап Арай
Шымкент қаласы, №59 орта мектебі, 6-сынып

Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер-Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.
Мен жерімді сүйемін,
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Жанна 9 жас
Атырау қаласы