Жазғы демалыста

/upd/2018/0105/15151673555a4f9e7b769316.84399341.gif

Жазғы демалыста анаммен бірге біраз жерлерді араладық. Маған қаладан гөрі табиғатты тамашалаған қызықты көрінді. Өйткені таза ауада табиғат аясында серуендегенге не жетсін! Соның ішінде Райымбек ауданы Саты ауылына қарасты Көлсайға барып, демалып қайтқанымыз қатты ұнады. Өйткені ол жердің табиғаты өте көрікті әрі тартымды екен. Ауасы да сондай таза, салқын жанға жайлы екен. Қарағайы қаптап өскен қалың орман, биік таулар бірінен-бірі асып көкті тіреп тұрғандай. Қоршаған таулардың арасында айнадай жалтырап жатқан көл еріксіз көз тартады. Неше алуан гүлдер құлпырып болымсыз самалмен ырғалып, далаға ерекше сән беріп тұр. Бүлдірген, қарақат, долана тамшыдай мөлдіреп қызықтыра түседі. Қысқасы табиғаты ерекше сұлу, қалай мақтаса да тұрарлық, бір көргеннен-ақ адамды өзіне баурап алады.

Абрахманова Аяла Мұхтарқызы
Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы 3 «ә» сынып оқушысы