Туған тілім – рухани асыл қазынам,
Туған тілім – тірегім тірлігімде,
Туған тілде ынтымақ, бірлігім де,
Ана тілім ардақтап сүйіп өтем,
Ана тілі шыңдардан биік екен.
Ана тілім – қазынам, байлығым да,
Тіл жоғалса, түсер ем қайғы-мұңға
Тіл байлығын бағалап, мақтанамын
Тілім барда, қуанып, шаттанамын.
Зейнулла Миғраж
Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылжар ауылы, 5-сынып оқушысы