Тұрар қазір естияр
Екіншіде оқиды
Бұзықтығы алдына
Қылығы бар не қилы.
Сабағына азаннан
Оята алмай апасы
Жата тұрсын сәл-пәл деп
Қорғаштап жүр атасы
Тұрмақ түгіл Тұрарың
Қозғалған жоқ әлі бір
Уақыт өтіп барады
Ал Тұрарға бәрібір.
Қашан ақыл кіреді деп
Уайымдап жүр апасы
Ашамын деп ұйқысын
Көтеріп жүр атасы.
Немересі тым ерке
Ата-апасы толқулы
деді, Тұрар білгішсіп
Кім шығарды оқуды?
Өтегенова Жамалхан