Менің аппақ тәтем бар,
Оның аты Ақмарал
Гүлдей жайнап жүреді,
Ақылын бізге үйретеді.
Қамқор әпкең сырласым,
Болғанына қуанамын.
Жақсы көрем әпкемді
Оған менде шаттанамын
Темірбек Нұрай 10 жас
Қызылорда қаласы
Асыл әжем
Асылым-ау жан әжем,
Айдай сұлу ақ әжем,
Бал-қаймаған беретін,
Қасына ертіп жүретін,
Мені жақсы көретін,
Маңдайымнан сүйетін,
Аймалайтын ақ әжем,
Айналайын дана әжем.
Төлеген Нұрайлы 11 жас
Қызылорда қаласы
Көгершін
Көк көгершін, көгершін,
Көгершін келер жем үшін,
Балалар, жем себелік,
Жем жесін де семірсін,
Сөйтіп колға үйренсін.
Бұл есті кұс тіл алғыш,
Үйренген соң көрерсің.
Айерке 8 жас
Алматы облысы, Сарқан ауданы