Асыл анашым

/upd/2017/1230/15146352135a477fcdba0391.66763327.jpg

Ана – ол әлемде жалғыз, анасыз өмір жоқ. Бізді мына өмірге әкелген анамыз ақ сүтін беріп, түн ұйқысын төрт бөліп біздің қамымызды ойлап, бар жағдайымызды жасаған. Ешкімнен кем қылмай, не тілесең қолыңа салып, қателігімізді кешірген де ана. Сондықтан да бар мейірімін баласына төгіп, баласынан тек жақсылық күтетін анамызды ешқашан ренжітпеуіміз керек. Кез-келген бала ана махаббатын сезінуі тиіс, өйткені біз анамыздың қарызын қайтара алмаймыз, анасы бар адамдар бақыттың не екенін сезінеді. Мен анамды өте қатты жақсы көремін және бәрінен артық көремін. Анамның аты – Гаухар. Үнемі қасымнан табылады. Таңертеңнен қосымша үйірмелердің бірінен қалдырмай, кешке дейін менің қамымды ойлайды. Үнемі ақылын айтып жүреді. Мен де анамның қабағына бір дақ түсірмей ренжітпеуге тырысамын. Сабағымды дұрыс оқып, айтқанды ұғып, көмекші де боламын, анам осы қылығыма қуанады. Тәртіпсіз, әдепсіз балалардың анасына қарсы сөйлегендерін көрсем ішім қынжылады, оларға айтарым анаңды сыйлап жүрсең, бақытың алдыңнан шығады дегім келеді. Әрқашан асыл анашым аман жүрші.

Тілекқабылов Бейбарыс
Ақсай қаласы, №4 ЖОББ мектептің 2 «ә» сынып оқушысы