Ел мерейі –«Астана ЭКСПО-2017!»

/upd/2017/1230/15146333345a4778765fe550.23670910.jpg

Аманкелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Ел мерейі –«Астана  ЭКСПО-2017» атты кітап қөрмесін ұйымдастырылып, оқырмандарға шолу жасалды. «ЭКСПО»-Дүниежүзілік көрме. Онда әлем елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі, өнердегі жетістіктерін көрсетеді. Осы көрмені басқа елдерге паш етеді. Осындай көрмені өткізу осыдан 165 жыл бұрын қолға алынған екен. Алғашқы көрме 1851 жылы 1 мамырда  Лондон қаласында ашылған. Содан бері әлемнің әртүрлі елдерінде 63 көрме өткізіліпті. Осы көрмелердің жұмысын реттеп отыру үшін 1928 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы Құрылған. Оның штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бұл ұйымға әлемнің 165 елі мүше болып кірген. Енді көрме биылғы жылы біздің елімізде, Астана қаласында өтетінін жақсы білесіздер. Бұл – Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері бойынша өткізілетін алғашқы халықаралық көрме. Бұл көрме таныстыру барысы 3 айға созылады. Маусымның 10-ы аралығында өтетін көрмеге әлемнің әр түкпірінен 5 миллионан астам адам келеді деп күтілуде. Осы орайда Аудандық балалар кітапханасы Ел мерейі –«Астана ЭКСПО-2017!» атты мерзімді басылымдар бойынша жасақталған көрме бойынша библиографиялық шолу ұйымдастырды. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткен шара барысында «ЭКСПО-2017 Ынтымақтастықтың көкжиектері» («Егемен Қазақстан» 2013ж., 31 мамыр), «Елдің ертеңі – ертегі» («Айқын» №109, 20.06.2013 ж.), «Қазақстан және әлемдік көрме» («Егемен Қазақстан», 20 қыркүйек 2013 ж.), «ЭКСПО өткізу – Отанымыз үшін зор жауапкершілік» («Атырау», 4 наурыз 2014 ж), «Туристер көптеп келсе біздің елге» («Мәдениет» №11, 2016 ж) және т.б Сонымен қатар Дарынды балаларға арналған республикалық ғылым-танымдық журнал («Жас ғалым», №08, тамыз, 2016 ж.) «ЭКСПО-2017 көрмесінің берері көп». ЭКСПО2017»-дүниежүзілік көрме («Балдырған» журналы №12, желтоқсан 2016 ж.) көптеген мерзімді басылымдарда жарық көрген жарияланымдармен таныстырылды. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған жаңа кітап «Ұлы дала ұлағаттары» деп аталады. Мемлекет басшысы жаңа туындысында туған жердің кешегісі, бүгіні мен келешегі, адамзаттың дамуы, өскелең ұрпақтың еншісіне тиетін маңызды мақсат-міндеттер жайлы жазады. Елбасы жаһандық күрмеулі мәселелер, құндылықтар туралы сөз қозғап, өзінің ой-толғамдарын оқырман қауымға ұсынады. «Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бәріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз. Осы орайда, биік таудың етегіне келіп, оның қарлы шыңдарына қарап тұрған адам сияқтымын. Оның қойнауында жан білмейтін көп қазына, небір ғажайып жұмбақтар бар секілді болып көрінеді», – деп жазады Елбасы. Тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне айналатын жаңа кітаптың алғашқы беттері «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланды. Туындының мәтіні басылымның кезекті сандарында жарық көрген газетті бүгінгі көрмемізге қойып оқырмандарға таныстырылды. Міне осындай кітап көрмеміздің мақсаты: Қазақстан Тәуелсіздігінің аса бай тарихын ашып сипаттау. Сол шежіредегі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін жарқын беттерге айналдыруға үндеу, кітапхана қонақтары мен оқырмандарын ЭКСПО тарихымен таныстыру. Қазақстандықтардың  елімізде өткізіліп жатқан оқиғаларға белсенді қатысуына, қазақстандық потриотизмге тәрбиелеуге және өз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятуға септігін тигізу. «Болашақтың энергиясы» деген тақырыпта өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің еліміздің экономикасына үлес қосып, абыройы мен беделін арттырары сөзсіз. Халықаралық  EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуметін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! 

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мусабаева