Сəлем, апа, құрметті,
Сау-саламаттасыз ба?
Өзім жаздым бұл бетті,
Іштей сезіп тұрсыз ба.?!
Келіп неге сүймейсіз,
Атам аман-есен бе?
Сабақтан қол тимейді,
Бір барайын десем де!
Тырнақ алды хатымды,
Сізге жолдап отырмын.
Алып сізден ақылды.,
Үнемі үздік оқырмын.
Нұрбаев Нұржан Байжанұлы
5-сынып оқушысы, Астана қаласы,
№81 мектеп-гимназия