Астана күні құтты болсын!

/upd/2017/1230/15146332275a47780b74f440.99511977.jpg

Барлықтарыңыз білетіндей 6 шілде – Отанымыздың жүрегі Астана күні! Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір азақстандық үшін айтулы күн болып саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әлемнің ең дамыған 30 астаналарының қатарына кіру міндетін қойды. Қазірдің өзінде осы теңдесі жоқ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның экономикалық даму қарқыны қажетті тұғырнаманы қамтамасыз етті деп айтуға болады. Астана әлем астаналарының қатарында танылды. Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын! Шын жүректен мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін. Астанамыз гүлденіп, халқымызды біріктіріп, айбынды және көркем болып, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта берсін.

Сыздықова Гүлбар «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығының демалушысы

*** 

Саған, Астана! 

Астана күні әрбір қазақстандық үшін жай мереке ғана емес. Ол бәрімізді бірлік, Отанын шынайы сүйетін және құрметтейтіндердің, оны күшті, осы заманғы және серпінді дамитын мемлекет ретінде мойындайтындардың және оның көп  ғасырлық тарихын мақтаныш тұтатындардың жақсы өмірге ұмтылыс белгісі болып табылады. Сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын және шын жүректен мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен амандық, табыстар, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін!

Аманжолова Айдана «Балбұлақ»  жазғы сауықтыру орталығының демалушысы