Астананың болашағы балалар көзімен

/upd/2017/1230/15146311085a476fc4972e62.69859576.png

Астананың  20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық. Астанамыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық.
Астанамыздың мерей той қарсаңында аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Еліміздің жүрегі – Астана» атты  тасқа сурет салу сайысы өтті.  Іс-шара барысында бүлдіршіндер Астанамыздың болашығын өз ойларын тасқа түсіріп, көпшілік  қауымға таныстырылып, ән шырқалып, бүлдіршіндер өз тақпақтарын нақышына келтіріп  жатқа айтты.  Осындай көңілді кешімізге ат салысқан ауданымыздың «Балдырған», «Жұпар», «Қаламқас» балабақшаларының бүлдіршіндері. Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынға ие болған – Әділханова Асыл «Жұпар » балабақшасы. 2 орынға ие болған – Қамбар Наргиз «Балдырған» балабақшасы. 3орынға ие болған – Тасболатова Айсауле «Қаламқас» балабақшасы. Кеш соңы бүлдіршіндер марапатталып, сыйлықтар берілді.
 «Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі».

З. Мусабаева Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі