Мектебім аяулы ұям, бесігім,
Әрдайым ашқан бізге есігін.
Талай тұлға қанат қаққан өзіңнен
Мәңгілік биік тұрар есігің.
Әбдіразақ Дінмұхаммед 11 жас
Шымкент қаласы
Ана тілім
Ана тілім бал тілім
Ана тілім бай тілім
Ана тілім мақтанатын
Ең қадірлі бақытым
Ана тілім ғажап тіл
Бар ғой онда көп сыр
Ана тілім тірегім
Ана тілі тілегім
Абдіғалиева Бану 11 жас
Ақтөбе қаласы
Мұғалім
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп шығар күн.
Ер жеткенде, ұстазым,
Уәдемде берік тұрамын.
Қиынға берік шыдармын,
Қияға талай шығармын.
Ықылас Нұрбибі 9 жас
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жеңіс ауылы