Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысының 1 қосымшасында «Білім туралы» Заңының 5 және 14 баптарына сәйкес әзірленген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жаңартылды. Стандартқа сәйкес 2016 жылы жаңа үлгілік бағдарлама берілді. Қазіргі кезде балабақшаларда осы жаңартылған бағдарламамен жұмыс жүргізудеміз. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – бұрынғыдай бес білім беру саласы бойынша оқу қызметтерін жүргізе отырып «коммуникация» білім беру саласында драма оқу қызметінің енгізілуі. Мақсаты: баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, көркем шығармаларды, шағын әңгімелер мен ертегілерді сахналауға үйрету, әдеби кейіпкерлердің эмоцияларын білдіру үшін дауыс интонациясымен дыбыстау, әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзіндік көзқарас білдіру ой қиялын дамыту. Жаңа бағдарламаның балаға берері де мол: көркем бейнені жасауда балалар есте сақтау зейіні, көпшіліктің алдында өз ойын еркін айта білуі, батылдығы қалыптасады. Қысқасы, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажырата алып, заманға сай білімді, білікті, мәдениетті, елін, жерін сүйетін әрі шығармашыл тұлға болуына іргетас қаланады. Яки, болашақта ойы мен шұқыры, қалтарысы мен бұлтарысы басым өмірде өз жолын табуға моральды тұрғыда жол ашылады. Жаңа бағдарламаның екінші ерекшелігі: бұрын «таным» білім беру саласында қоршаған ортамен таныстыру мен экология негіздері оқу қызметтері жүргізілген. Қазір олардың орнын жаратылыстану басып отыр.Ал қоршаған ортамен таныстыру, экология оқу қызметтері «әлеумет» білім беру саласына ауыстырған. Мұндағы мақсат: қоршаған ортамен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, өлі және тірі табиғат обьектілерін ажырататын, маусымдық өзгерістерге бақылау жасауды, табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Жаратылыстану оқу қызметінде тақырыптар көбінесе бақылау мен тәжірибе жасаудан құрылған. Балалар жаратылыстану оқу қызметінде физикалық құбылыстарды біледі (жарық, дыбыс, жылу) табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды, ажыратады, бақылайды. Табиғатқа қамқорлық жасайды, қорғайды, ауа мен судың ластану себептерін біледі, тірі өлі табиғаттың байланысын түсінеді, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгеріске ұшыратуы мүмкін себептерді атайды. Балалар жалпы табиғат пен адамның егіз ұғым екенін санасының саңылауына сіңіреді. Дәл кәзіргі жасыл экономика жайында алғашқы қарапайым түініктері қалыптасады. Түмен ойдың да түйіні бар. «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ қолында» - деген еді Елбасмыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ал ертеңіміздің ажары да базары да болатын өскелеңді тәрбиелеу – біздің қолымызда. Сондықтан, бүгінгі бір күніміз – ертеңгі мың күніміз екенін ұмытпайық.
Майликутова Сайрамхан Джумагоджаевна
«Арман» бөбек-жәй балабақшасының әдіскері