Мәңгілік елім жасасын!

/upd/2017/1228/15144008405a43ec487f10e0.90295300.pngҚазақстан – зайырлы, тәуелсіз, мәңгілік  ел. Сол тәуелсіздік  жолында бабаларымыздың  басынан қаншама  қиындықтар өткен. Соғыс, аштық, құрбандық, желтоқсан оқиғасы қазақ халқы  үшін ауыр тиіп, қайғыға  толы кезеңімен есте  қалды. Бұның  барлығы да  қазақ жеріне үлкен соққы болды. Осындай  қиыншылық  кезеңді ешқашан ұмытпай, ерліктерін есте  ұстаймыз.
Ата-бабамыздың жылдап, ғасырлап аңсаған бостандығын, тәуелсіздігін біздер көріп жатырмыз. Біз өзіміздің  мәңгілік ел екенімізді тілімізден, дінімізден, тарихымыздан, салт-дәстүрімізден білеміз. «Мәңгілік  елдің» басты құндылықтарының бірі – отансүйгіштік, еңбексүйгіштік. Ендеше, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу үшін дұрыс тәрбие алып, сабағымызды жақсы оқуымыз  керек. «Нағыз патриот тек өзі  үшін ғана емес, елі үшін де өмір  сүреді. Еліне елеулі, халқына  қалаулы, қадірлі адам атану үшін алға талпыну қажет» деген болатын Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова. Біз бүгінгі  бейбіт тірлігіміз үшін жүректері «Елім» деп соққан қайсар жандардың аруағының алдында  мәңгілік қарыздармыз.
Тәуелсіз ел болдық. Мәңгілік еліміздің дамуын әрі жандандырып көркейтеміз, дамытамыз.
Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаңменен далаң да,
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз барын да! - деп Мұқағали атамыз жырлағандай, біз халқымыздың үмітін ақтар сенімді ғасыр жастарымыз.

Орынбай  Таймас  Жексенғалиұлы 9 жас
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының 
№4 ЖББО мектебінің  3 «ә» сынып оқушысы