Ана – гүл, қыз – бұлбұл

/upd/2017/1218/15136177525a37f958f19a97.15315927.png

Мен Серікбаева  Аида  Ақсай қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін  мектептің  2 «Ә» сынып оқушысымын. Мен  газетке мақала жазғанды өте ұнатамын. Себебі  біз сыныпта шығармашылық жұмыстармен көп айналысамыз. Осы  жұмысқа  мені  ең бірінші үйреткен  ұстазым Жаннат Қалидоллақызы, ары қарай  анам қолдап  көмектесіп жүрді. Өйткені ұстазым маған «Аида, сен өте  шебер сөйлейсің, сенің дарындылығың бар, кез-келген өлең болсын, шығарма болсын тез қабылдап аласың» дейтін. Енді міне мен енді еркін өз ойымды жаза аламын. Сыныбымызда жақын арада 8 наурыз мерекесіне байланысты  «Ана-гүл,қыз-бұлбұл» деген тақырыпта  ана мен қыз сайысы болды.Ең алдымен  аналарымызға арнап жыр шашу мен еңбек сабағында  жасаған сыйымызды тарту еттік. Әсем ән мен би биледік. Екінші бөлімде сайысымыз басталып кетті. Сайысқа 4 ана мен қызы қатысып, берілген жоспар бойынша дайындалған сайыскерлер  өздерінің керемет дайындықтарын көрсете білді. Шақыру  қағазын алған  ата-аналардың  барлығы және тәрбие ісінің ұйымдастырушы апайымыз Гүлсипат Қайыржанқызы, ағылшын пәні мұғалімі Мөлдір Бақытжанқызы, өзін-өзі тану мұғалімі Айжан Жандосқызы  қонаққа келді. Сайыс өте ұнады. Бірінші орынды Нұрлан Фатима мен анасы Арай апай, екінші орынды Мамбетова Лейла мен анасы Айнагүл апай, ал үшінші орынды Сексенбай Аружан мен анасы Гүлжамал апай мен Жубандыкова Аружан мен анасы Индира апай  алды. Барлығы да мақтау қағаздарымен марапатталды. Тәрбие сағаты соңында сыныбымыздағы ер балалар қыздарға сыйлық тарту етті. Осындай әдемі де, әсем  тәрбие сағаттарына біз  керемет дайындаламыз деп мақтанамын. Көктемгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Серікбаева Аида
Батыс  Қазақстан  облысы 
Ақсай қаласы №4 ЖОББМ-нің 2 «Ә» сынып оқушысы жетекшісі:Сандибаева Жаннат Қалидоллақызы