Титаниктың сыры

  

/upd/2015/1128/1448703475565975f38524e9.07129767.png

         Тарихтағы ең атақты кеме Титаник, бәріне теңіздегі қайғылы оқиға ретінде танылған, алайда алып жолаушы кемесінің артында адам сенгісіз бір сыр сақталған. Морган Робертсон 1861-1915 жылдар аралығында өмір сүрген америкалық әңгіме және роман жазушысы. Жастық шағында теңізші болып жұмыс істеген болатын, кейін алмас тасының сарапшысы болды және Нью-Йоркта зергерлікпен айналысты. Кейінірек Киплингтің бір әңгімесін оқып жазушы болуға шешім қабылдады. 1897 жылы қыс уақытының бір түні 24-ші жолдағы пәтерінде жаңа бір теңіз хикаясын жазуды жоспарлады. Бұл ұзын бір хикая болатын еді. Қиялында суға еш батпайтын, алып жолаушылар кемесі бар еді. Ғашықтық тақырыбымен құрылған бұл хикаяның кейіпкерлері осы алып кемеге мініп, Англиядан АҚШ-қа жол жүреді. Ғашықтар хикаясы дүниенің ең салтанатты кемесінде орын алатын еді. Бірақ, хикаяның қиялы кейіпкерлерді күтпеген бір тосын жәйітпен кездестіріп, бір теңіз апатына ұшыратып, батпайды делінген кемені мұхиттың түбіне батыратын еді. 
      Робертсонның сценарийі осы еді. Отырып жазды да, хикаясына (кітабына) екі атау берді. «Futility», яғни «Бос әурелік» және «Титан апаты». Иә, қате оқымадыңыз. Титан... Робертсонның романында «Титанның» бату қойылымы былайша еді:
«Бақылаушы айқайлай бастады. «Айсберг!» Бірінші офицер капитанға хабарлады да, дереу машина бөлімшесіне кері қайту әмірін берді. Бірақ, жылдамдықты азайту үшін уақыт керек еді және тұман арасынан айсберг те жақындай берді. Ал төменнен оркестрдің және көңіл көтеріп жатқан адамдардың дауыстары естіліп жатты. Капитан мен жәрдемшілерінің не істерін білмей шарасыз жүрген кездерінде айсберг Титанның оң жақтағы бортынан ұрды. Соққы әлсіз еді, тіпті қатты сезілмеді де. Капитан сол сәтте оңай құтылдық деп ойлаған еді. Бірақ, бірнеше минуттан кейін кеме бірден бір жанына қарай ауа бастады. Айсберг негізгі жарақатты судың астынан ашқан еді, бұл жарақат өлімге апаратын еді, өйткені айсберг Титанның бортын ұстарадай кесіп, талқандаған еді....»
    Ары қарай Робертсон хикаясын: Кемені бір сәтте су алғанын, дабыл шалынғанын, суға батқандарды құтқаратын шлюпканың түсіріліп, алдымен әйелдер мен балалардың мінгізілгені, көмек шақырылулары жасалып, Еуропаның ең атақты және бай жанұяларының мүшелері бір-бірімен мәңгілікке қоштасып жатқанда, алып жолаушылар кемесі Титанның мұзды полюстың суына аса тез жылдамдықпен батып бара жатқанын суреттеп, бір сәтте шөгіп батқанын түсіндірумен жалғастырған еді… 
    Арадан 14 жыл өткенде дүниенің ең үлкен және сәнді кемесі Титаник, Англияның «Southampton» кемежайынан АҚШ-қа қарай теңізге шықты. Кейін, 1912 жылы сәуір айының 14-нен 15-не қараған түнінде тұман арасынан бір айсберг шығып, «еш батпайтын» деп атақ берілген Титаниктің өлтірушісі болды... 
     Робертсонның романындағы бату қойылымы дәл қайталанды. Сәйкестік бұл ғана емес. Қараңыз романындағы басқа да сәйкестіктер: 
»  Титан және Титаник те бірдей порттан (Southampton) жолға шықты.
»  Титан 248 метр, Титаник 252 метр еді.
»  Титан 70000 тонна, Титаник 66000 тонна еді.
»  Екі кеменің де 3 қалақшасы (пропеллер) бар еді.
»  Титанға да, Титаникке де Еуропаның зиялы байлары және атақты отбасылар мінген еді.
»  ТитанНьюфаундленд аралының төңірегінде бір айсбергке, Титаник те 14 жылдан кейін дәл сол координатада айсбергке ұрылып мұхиттың түбіне батты.
»  Титанда 24 құтқару шлюпкасы, ал Титаникте 22 құтқару шлюпкасы бар еді.
»  Апаттың салдарынан Титаникте 1513 адам, ал Робертсонның романындағы Титанда 1500 адам қаза тапқан еді.
»  Әр екі кеме де 3000 адамдық еді, Титаникке 2224 адам мінген еді.
»  Екі кеменің де ғұмыры, тіпті батып бара жатқандағы оркестрлік әуен шалуына дейін бірдей еді.
    Морган Робертсон табысты болмаған, кітабын сатпаған, кейін де жазған шығармалары жарық көрмеген еді. Психологиялық күйзеліске түсіп, бір ауруханада психологиялық ем алады. Ешкім оны есіне де алмағанды. Тек 1980 жылдарда ғажайып оқиғаларға байланысты зерттеулер жүргізіле бастағаннан кейін ғана аты атала бастады.